0 комментариев

Қатты әсер ететін улы заттар туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

ҚӘУЗ- бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.

ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия мұнай өңдеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салдарын, объектілерін, қоймалар, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.

ҚӘУЗ- ды мынадай топтарға бөлуге болады:

а/ тұншықтырғыштық әсері басым заттар;

б/ жалпы улылық әсері басым заттар;

в/ тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;

г/ өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар;

д/ тұншықтырғыш және нейтроптық әсері бар заттар;

е/ заттардың алмасуын бұзатын заттар;

Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға улы қосылыстар /хлор, фосген, хлорпикрин және басқалар жатады, олар үшін организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады. Зақымданудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді:

1/ затпен байланыс кезеңі

2/ жасырын кезең

3/өкпенің уланудан қабыну кезеңі

4/ асқыну кезеңі

Жалпы улылық әсері басым заттарға энергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар /көміртегі тотығы, цианды,сутегі және басқалар/ жатады.

Тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттарға, ингаляциялық әсер кезінде өкпені удан қабындыруға, ал сіңу кезінде энергетикалық алмасуды бұзуға қабілетті ҚӘУЗ- дің едәуір бөлегі жатады./амил, акрилонитрил, азот қышқылы т.б/

Нейтропты уларға жүйкені реттеу механизмі, сондай-ақ жүйке жүйесінің ұйыстыру күйін бұзатын заттар жатады, осындай әрекеттің негізінде олардың синтез, сақтау, шығару, нейромедиаторлар синаптикалық қуысындағы белсенділікті төмендету процестеріне араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ықпалдасу, қозған мембраналардың иондық арналарының өткізушілігін өзгерту қабілеті жатыр.

Тұншықтырғыш және нейтроптық әсері бар заттарға ингаляциялық зақымдану кезінде өкпенің удан қабынуын тудыратын қосылыстар/ аминак, гептил, гидрозин және басқалар жатады.

Заттардың алмасуын бұзатын заттарға галогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы қосчылыстар / диоксин, полихлорланған бензофурандар және басқалар жатады. Осы заттар өкпе, ас қорыту жолымен тері ұлпалар арқылы әсер ете отыра, өте ұзаққа созылатын ауруды тудыруға қабілетті.

ҚӘУЗ- бен зақымданған кезде алғашқы көмек шаралары

Аммиак- Зақымданушыны зақымдану ауданынан тезірек алып кету. Кқз бен теріні 10 минут бойы сумен шаю. Киімді ауыстыру. Қараңғы ғимаратқа жатқызу. Көмейдің маңайына қыздырғыш қою. Боржом немесе сода қосылған сүт ішкізу.

Көміртегі тотығы– Зақымданушыны жатқан күйінде тезірек таза ауаға шығару. Тыныс алуға кедергі келтіретін киімді шешу матамен мүсәтір спиртін ішкізу.

Хлор- Зардап шегушіні таза ауаға шығару. Ылғалдандырылған оттегі беру, соданың 2% ерітіндісімен шаю. Емханаға алып бару.

Радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы көмек.

Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медециналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.

Халықты радиациядан қорғау: радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық- түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтың ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулелену дозиметрлік бақылауды қамтиды.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий