0 комментариев

Жер бедерін кейбір түсінікте қалай атайды ? Рельефтің құрылысы мен жер бедері қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жер бедерін кейбір түсініктері – рельеф деп атайды. Рельеф дегеніміз- Жер бетінің сыртқы бейнесін айтамыз. Жер бедерінің әр-түрлі болуымен байланысты рельефтің формалары пайда болады.

Рельефтің құрылысы және даму тарихы, қазіргі жер бедеріне сипаттама жасайтын ғылым- геоморфология деп  атаймыз. Геоморфология-грекше”gе”-жер; “mоrрhе-” форма деген мағына береді.

Рельеф литосфераның бір-бөлігі болғандықтан, литосферамен тығыз қарым-қатынаста болады. Сондай-ақ ол географиялық қабықтармен де тығыз байланыста болады. Литосфера (грекше- Litos- тас дегенді білдіреді) тау жыныстарымен басқа қабаттардан ерекшеленеді. Литосфераның ірі- ірі блоктарға ажыратылғанын- литосфералық плита деп аталады. Литосфераның плиталар горизонталь бағытта астеносферада қозғалады, егер қозғалса сейсмикалық, тектоникалық қозғалыстар туындайды.

Жер бедері ішкі және сыртқы процестердің тоғысуы немесе ішкі және сыртқы процестер нәтижесінде туындайды. Жер бедерінің сипаттамасын жасау үшін рельефтің формаларын анықтап алуымыз қажет. Олар түріне және көлеміне қарай мынадай типтерге бөлінеді:

-планетарлық формалар- көлемі миллиондаған шаршы шақырымға жететін(құрылықтар, мұхит түбінің жер бедері жатады),яғни үлкен аумақты алып жататын рельефтің түрі.

-мегаформа-жүз мыңдаған шаршы шақырымды алып жететін(тау жүйелері, жоталар, жазықтар жатады) яғни үлкен біршама аумақты алып жататын рельефтің түрі.

-макроформа- мегаформалардың бір бөлігі ойпаттар мен үстірттер жататын рельефтің түрі.

-Мезоформалар- бархандар, тау жыңдарының аймақтары. Бұдан басқа микроформалар, наноформалар деген кіші рельеф формаларының түрлері бар.

Рельеф құрайшы факторлар көп болғандықтан да рельефті классификациялауда да тұжырымдамалар көп. Қазіргі кезде И.П.Герасимов пен Ю.А.Мещеряковтың классификациялау жорамалын қолданылады. Жер бедері ішкі және сыртқы процестердің тоғысуы немесе ішкі және сыртқы процес тер нәтижесінде туындайды. Жер бедерінің сипаттамасын жасау үшін рельефтің формаларын анықтап алуымыз қажет. Олар түріне және көлеміне қарай мынадай типтерге бөлінеді:

-планетарлық формалар- көлемі миллиондағаншаршы шақырымға жететін(құрылықтар, мұхит түбінің жер бедері жатады),яғни үлкен аумақты алып жататын рельефтің түрі.

Геотектура –Жердің геофизикалық космостық процестердің нәтижесінде қалыптасқан Жердің ең ірі рельеф пішіні. Геотектураға бірінші типіне- барлық планетарлық рельеф пішіндері жатады. Геотектураға екінші типіне- барлық тау жүйелерімен жазықтық-платформалық аймақтық рельеф пішіндері жатады.

Қалыптасу және даму кезеңі –палеозой және мезозой эрасына тура келеді. Осы кезеңдерге Жердің геоморфологиялық даму кезеңі болып табылады.

Эндогендік рельеф қалыптастырушы фактор.

Эндогендік фактор ішкі күштерінің нәтижесінде қалыптасқан рельеф түрлерін атаймыз.Жер қыртысындағы заттардың тез ысып немесе тез суынуы нәтижесінде жер қыртысымен литосфераның бір жерден екінші жерге қозғалуына алып келеді. Бұл құбылысты –тектоникалық қозғалыстар деп. аталады. Осы құбылыс нәтижесінде тау жыныстарының  мүжіліп-үгілуіне алып келіп, соның салдары жердің рельеф пішіндері қалыптасады.

Тектоникалық қозғалыстардың бөлінуі:

-Жер бетіндегі қозғалыстың бағытына қарай-вертикальды және горизонтальды болып бөлінеді.

-Қозғалыстың жылдамдығына қарай-тез және жай болып бөлінеді.

-Қозғалу кезеңіне қарай-геологиялық өткен кезеңдегі, жаңа кезеңдегі қозғалыстар, қазіргі кездегі қозғалыстар болып бөлінеді.

Қозғалыстардың нәтижесінде тау пайда болу немесе тау мүжілу процесі туындайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий