0 комментариев

Ақсу-Жабағылы қорығында өсімдіктердің қанша түрі кездеседі ?Бұл қорықтың орналасқан жері қандай ?Сирек кездесетін құстардың неше түрі бар ? Флорасы мен фаунасы қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала, субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғатың түрліше көрінісін береді.Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы: Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі.

Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орманды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің30 % -ытиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай. Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің43, бауырмен жорғалаушылардың 9, қосмекенділер- -дің2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді.

Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді. Жемтігін аңдыған жыртқыштар- барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақ торғай өсіп-өнуі үшін қорық аумағы өте қолайлы.

Фаунасымен флорасы осындай бай болғандықтан, олардың биологиясын, тіршілік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу жұмыстары қорықты ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап-ақ жақсы жолға қойылған. Қорықты 1935 жылдан бастап ғылыми қызметкелер зерттеу жұмыстарымен жүйелі әрі тұрақты түрде айналысады.

Солардың негізінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қорғау жолдары жүзеге асырылып, табиғат қорғау ісі насихатталып отырады. Қорықтың әсем табиғаты оны тамашалап келушілерді тәнті етеді. Ақсу-Жабағылы қорығы өзінің жарты ғасырлық тарихында республикамыздың табиғатын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып, ЮНЕСКО белгіленген халықаралық маңызы бар қорықтар қатарына жатқызылған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий