0 комментариев

“Наурызым” мемлекеттік қорығы қай жылы ашылды ? Оның алып жатқан жер көлемі қанша ? Қандай өсімдіктер мен жануарлар түрлері кездеседі ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Наурызым мемлекеттік қорығы1934 құрылған. Қорық орманды дала табиғатын сақтауға негізделген. 1960 жылдарға дейін қорық бірнеше рет жабылып, артынша қайта ашылып, тек 1966 жылдың 18 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қорық ретінде жұмыс істей басады. Ал 1968 жылдан Наурызым қорығы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауында болды. Арада өткен талай өзгерістер қорықта із қалдырмай кеткен жоқ. Мұнда шаруашылық жұмыстары кең етек алумен қатар қарағайлы орман алқабының едәуір жерін өрт те шарпыды. Дегенмен соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан жұмыстар қорықты сақтауға арналған алғышарт іспеттес.

Наурызым қорығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі-88,7 мың га. Оның 17662 га-сы немесе 19,5 %-ы орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Олар- Терсек, Сыпсың және Наурызым реликті қарағайлы орман алқаптары. Сонымен қатар қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер де бар. Аталған көлдер, әсіресе көктем мен күз айларында нағыз «құс базарына» айналады. Мұнда жыл құстары жылы жаққа барар және қайтар жолда тынығу үшін қонады. Селеулі далалар мен ормандар арасында аң мен құстардың көптеген түрлері кездеседі.

Мысалы: бірқазан, жабайы үйрек, аққу дуадақ, т.б. Жалпы қорық аумағында құстардың 200-ден астам, сүтқоректілердің-30, қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың 10-нан астам және омыртқасыздардың 700-ге жуық түрі мекендейді, Ал өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі тіршілік етеді. Қорықтың мақсаты реликті қарағай ормандары, сирек кездесетін өсімдіктер әлемі мен көл жағалауын мекендейтін құстарды сақтауға бағытталған. Сонымен Наурызым мемлекеттік қорығы- табиғаттың көркін бұзбай сақтап қалған, қайталанбас бір бұрышы.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий