0 комментариев

“Қорғалжын” мемлекеттік қорығы қай жылы құрылды ? Қорықтың жер көлемі қанша ? Мұнда құстардың, өсімдіктер мен жануарлардың неше түрі кездеседі ?

Теңіз- Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтитын Қорғалжын мемлекеттік қорығы -1958 жылы ұйымдастырылған. Алайда үш жылдан кейін ол орман-аңшылық шаруашылығына айналдырылып, содан 1968 жылы қайтадан қорық болып құрылған. Бастапқыда 15 мың га жерді алып жатса, қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының жер көлемі 258,9 мың га аумақты қамтиды.

Оның көп бөлігін көлдер алып жатыр. Мұнда көктем мен күз айларында көл беті құстардан көрінбей кетеді. Себебі, жыл құстары мұнда соқпай кетпейді. Жылдың қай мезгілі болсын, қорық аумағы-құстардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты қорыққор-қорықтар қатарына жатқызылады.

Қорық аумағынан құстардың 294 түрін, сүтқоректілердің 37 түрін, қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың он шақты түрін кездестіруге болады. Олардың барлығы да адам қамқорлығына алынған. Әсіресе дүние жүзі бойынша сиреп кеткен қоқиқазды қорғап, қорын молайтуда қорықтың алатын орны ерекше. Топ құрып тіршілік ететін қоқиқаздар қорық жеріне ұя салып, жұмыртқа басады. Ұяларын балшықтан соғып, оны жерлен биіктеу етіп салады.

Соңғы жылдары көл суы деңгейінің төмендеуіне байланысты қоқиқаздар тобы азайып барады. Мысалы, қорық алғаш ұйымдастырылған жылдары қоқиқаз саны 50 мың шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 10 мыңға жетер-жетпес. Сидиған ұзын сирағы мен имектеу тұмсығы болмаса, қоқиқаз, бір көргенде, алыстан аздап аққуға ұқсайды. Оның басты өзгешелігі- қанатының қызыл қаз деп те атайды.

Қоқиқаздан басқа қорық жерінде өте сирек кездесетін аққу бұйра бірқазан, қызыл жемсаулы қараша қаз, аққұтан, дуадақ, безгелдек сияқты құстар тіршілік етеді. Көл суы деңгейінің төмендеуі ескеріліп, келешекте оны қалпына келтіру үшін Ертіс-Қарағанды каналынан қорыққа су бұру жоспарланып отыр.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий