0 комментариев

Барсакелмес мемлекеттік қорығы қай жылы құрылды ? Қорықтың жер көлемі қанша ? Барсакелмес қорығында өсімдіктер мен жануарлардың қанша түрі бар ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Барсакелмес мемлекеттік қорығы- Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі-18,3 мың га. Соңғы жылдары Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты аралдың жер бедеріне едәуір өзгерістер енді. Ондағы көлдер құрғап, олардың орнына үлкен көлемді сорлар пайда болды. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне күшті әсерін тигізіп отыр.

Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Әсіресе бидайық,  жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорыққа шөлді аймақта тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар – ақбөкен, қарақұйрық және құлан. Алғашқыда бұл қорық ақбөкендерді қорғау үшін құрылған еді. Мұнда бұл аңды жерсіндіргенге дейін оның 4-5 ешкісі ғана бар болатын, қазір саны едәуір.

Республикамызда қоры азайып кеткен қарақұйрықты көбейту мақсатымен аралға әкелініп, 1930 жылы жерсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесі табысты болып, бұл жануарлар саны да өсті.

Ал 1935-1964 жылдар аралығында 19 құлан Түркіменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жер сіндірілді. Олардың саны өскендіктен, маңғыстау және Алматы болыстарында жерсіндіру жұмыстары қолға алынды. Қорықта құстардан – қарабауыр бұлдырық, ала қаз, қарақал, ителгі, бөктергі, бозторғайлар мекендейді. Бауырмен жорғалаушылардан- жұмырбас және жүгіргіш кесірткелер, ысылдағыш геккон, қалқантұмсық жылан, құршаяндар тіршілік етеді. Ғалымдардың алдында Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайына байланысты қорықты сақтап қалу міндеті тұр.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий