0 комментариев

Қазақ халқы өте ырымшыл. Әр заттың, қоршаған ортада болып жатқан дүниелерге нем құрайлы қарамаған. Сондай қызық жағдайлардың бірі бұл түс көру. Сондай елдің аузынан ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан Абылай ханның түсі. Абылай ханның түсін Бұқар жырау  қалай жорыды ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да  қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Хандық ғұмырының алғашқы күнінде Абылай түс көреді. Бұқар жыраудан түсін жоруын сұрайды…

«Астымда қылқұйрық жүйрігім бар екен. Сарыарқаның сайын даласында серуендеп жүрмін», – дейді хан. – Азуы кере қарыс дәу арыстан батыс беткейді бетке алып тұра қашты. Астымдағы жануарды қос төсінен екпіндетіп, тепсіне сала, сауырына қамшы бастым. Тұяқты жануар дес берсін бе, қуып жетіп, көп арпалыспай арыстанның ішін қанжарыммен орып жібердім. Міне, қызық! Арыстанның ішінен бір жолбарыс атқып шықты да, ол да қаша жөнелді. Тұра қудым. Жете беріп, аш бүйірге қолымдағы қанжарды тағы салдым. Ақтарыла кеткен қарыннан көкжал қасқыр шықты. Ес жиып үлгергенше, ол да қашты. Ұзаққа апармай, қасқырды да жайратып салдым… Енді қызыл түлкі қашып барады. Түлкіні де қуып жетіп, қарыннан осып жібергенімде, ішінен құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке ақтарылып қоя берді… Бірақ, бұлар менен сескенбеді, қашпады. Бәрі жабыла быжынап, астымдағы қылқұйрықтының сауырына, жалына өрмелей түсті. Шошынғанымнан айқайлап жіберіп, оянып кетіппін».

Абылайдың түсін мұқият тыңдаған Бұқар былай жорыған екен: «Қылқұйрыққа мінгенің – хан тағына отырғаның. Ал алдыңнан арыстан қашса, сенен арыстандай айбарлы ұл туады. Одан туған ұл да жолбарыстай қайратты, ержүрек, батыл болмақ. Жолбарыстай тұқымыңнан туған шөберең көкжал қасқырдай азулы, айлалы, күшті болып жаратылады. Ал одан тараған ұрпақ заманына қарай қызыл түлкідей қу, алайда, су жүректеу келеді. Одан кейінгі тұқымың әлгі бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жылан-кесірткедей майдалана түспек…»

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий