0 комментариев

Боғда Қараұлы кім ? Оның шығармашылығы еліміздің қай жерлерінде кең тараған ? Оның қандай күйлері бар ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Боғда Қараұлы (1765-1845) Байұлы, Алаша.
Абыл дәстүрін жалғастырушы атақты күйші. Оның шығармалары Батыс Қазақстанда, қазіргі Ақтөбе, Орал, Атырау, Арал, Ақтөбе және Манғыстау облыстарында кеңінен тараған. Боғда Қараұлы Асан қайғының, соқыр Есжанның күйлерін шебер орындаумен қатар “Алпыс екі Ақжелеңді” түгел тарта білген күйші.

Ол Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісін қолдап, Махамбет Өтемісұлымен жақсы қарым-қатынаста болған. Боғданың кең тараған “Боз төбе”, “Жем суының тасқыны”, “Екіндіде ел іздеген”, “Боғда”, “Қара жаяу” күйлері — терең филосиямен толғауға толы лирикалық туындылар.

Олардың мейлінше сұлу, қалыпты ырғағынан қайрат, сабырлылық пен жігерлілік сезіледі. Бізге жеткен шығармаларының ішінде дәстүрлі жанрдағы “Сегіз лақ” (ортеке жанрында), “Кербез Ақжелең” мен “Кербез Керік” (Ақжелең жанрында) тәрізді күйлері де мазмұндылығымен, бейнелеу мәнерімен, өзіне ғана тән ерекшелігімен назар аудартады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий