0 комментариев

Ғабиден Мұстафиннің қандай әңгімелері бар ? Ол жазылған әңгімелерінде не айтылады ? Халықтың көңілінен шыққан туындылары қандай ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Ғабиден Мұстафин алғашқы қалам тартысынан-ақ өзінің өзекті тақырыбын – бүгінгі қайнаған өмірді дәл тапты. Тұңғыш кітабы «Ер Шойынға» (1929) арқау болған езі жақсы білетін ауыл өмірі, кедейдің сана-сезімінің оянуы, байға қарсы күрес көрінісі еді. «Ер Шойын»—жазушының ғұмырлық тақырыбын белгілеген өзінің талабы мен талантына сенім туғызған ерекше мәні бар жинақ.

Жинаққа кірген тұңғыш шығармасы «Сәрсен мен Боқашта» (1927—1928), «Ер Шойын», «Қан», «Қашқын» сынды әңгімелерінде ауылда өтіп жатқан ішкі тартысты нақтылы оқиға көріністер арқылы реалистік дәлдікпен бейнелейді. Байдың малын бағып, байлығын көбейтіп жүрген құтты қол жандар жас жазушыға адамгершілік пен ақиқаттың өзіндей көрінеді. Осындай жандарды сүліктей сорып, басын көтертпей езгіге салған адамдар-ды -бай мен кулакты автор жиіркенішпен жек көре суреттейді. Жазушының мақсаты айқын, мүддесі ашық — кімді жақтайтыны, кімді даттайтыны түсінікті. Мұндай күресте қажыр-қайрат, ұйымшылдық қажеттігін суретте-ген «Ер Шойын» жинағының ескі мен жаңаның арасындағы тартыстың әлі толастамаған кезінде шыққанын ескерсек, кітаптың әлеуметтік, тәрбиелі мәні ерекше болғанын түсіну қиын емес.

Он жыл (1938—1948) «Әдебиет майданы» қазіргі «Жұлдыз» журналында) қызмет істей жүріп (басында әдеби қызметкер, кейін редактор) ел өмірімен кең танысып, жазушылық еңбекке біржола бет бұрады.1942 жылы «Айғақ» атты шағын пьеса, «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Құлаған құз», «Керуен» секілді әңгімелер жазады. Жазушының кемел кезі басталады.

1940 жылы Ғ. Мұстафиннің алғашқы көлемді туындысы – «Өмір мен өлім» романы жарыққа шықты. Бұл қазақ әдебиетіндегі ауыр өнеркәсіпте еңбек еткен жұмысшы табы мен техникалық интеллигенцияны бейнелеген тұңғыш шығарманың бірі еді.

«Өмір мен өлімнен» кейін жазушы шығармашылығының сәтті кезеңі басталады, ауылдағы ұлы өзгерістерге арналған «Шығанақ» (1945) пен «Миллионер» (1948) жарық көреді. Көп кешікпей орыс тілінде жарияланған бұл шығармалар қаламгер есімін. кеңінен танытады. Мұстафин шығармалары шет елдердің тіліне аударыла бастайды.

Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті туындысына айналған «Қарағанды» романы(1952) мен жазушы шығармашылығының бір шыңы – «Дауылдан соң» (1960) романы басылып шығады.

Өте маңызды тақырыптарға арналған бұл романдарға кең тұрғыдан қарау керек. Жиырмасыншы жылдардағы кескілескен ішкі тартыс, қалың бұқараның рухани өзгеруі, колхозды ауылдың көркеюі, ен далаға өнеркәсіп алыбының салынуы – феодалдық құрылыс қалдықтарының тас-талқаны шығып, жаңа қоғамның қанат жаюын кең панорамада бейнелеген деп романдардың құлашты қасиетін жинақтаған жөн.

Соғыстан кейін тез өркендеген халық шаруашылығы мен мәдениетіне арналған «Миллионер» повесінде ауыл еңбекшілерінің рухани-әлеуметтік келбеті кеңінен бейнеленген. Колхозды ауылдың жаңа кезеңін суреттейтін «Миллионер» повесі «Шығанақ» романының заңды жалғасындай тақырып біреу, кейіпкерлер жүйелес, бірақ уақыт жағынан екі кезең суреттелген. Жаңа уақытқа сай жаңа әуен-бояумен әрлендірген «Миллионер» социалистік ауыл шаруашылығының шексіз мүмкіншілігін, жарқын келешегін паш етеді, жаны сұлу кеңес адамы жырланады.

«Миллионер» – жаңалықты бойына сіңіре алған шығарма. «Дауылдан кейін» – қазақ ауылындағы кеңестендіру кезенін — жиырмасыншы жылдарды кенінен суреттей отырып, автор дәуір ағымы, өмір беталысы қалыптастырған ел адамының тағдырын шығармаға өзек еткен. Кітаптың бас кейіпкері Аманның жүріп өткен өмір жолы – көкірегінде оты бар қарапайым жастың қалыптасу соқпағын әйгілейді. «Дауылдаң кейін»-тынысы кең, күрделі әлеуметтік оқиғалы роман. Қазақстанның аса бір маңызды кезеңін – жиырмасыншы жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылын кеңестендіру жағын кеңінен көрсе-туге арналған. Аман мен оның ниеттес достары Таймас, Ізбасар, Танагөз, Тоқабай, Әдхамдардың феодалдық-рулық дәуірде күні кұлдықпен өткен қазақ халқының ой-санасының оянуын реалистік шындықпен пайымдайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий