0 комментариев

Жапырақтың құрылысы мен функциясы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жапырақ өркеннің құрамды бөлігі. Кеңістікте жапырақ сабақ пен өркенде филогенетикалық, онтогентикалық физиологиялық өзара тығыз байланыста болады. Дара- және қосжарнақты өсімдіктер жапырағының үдей дамуы жапырақ тақтасы негізіндегі қыстырмалы бой меристемасы арқылы жүреді.

Жапырақ ассимиляциялық мүше ретінде, негізінен фотосинтез , булану(транспиратция) және тыныс алу қызметтерін атқарады . Мұнан басқа олар қоректік өнімдер қорын жинақтаушы және вегетативтік көбею қызметін атқара алады.

Жасыл жапырақтың негізгі бөлімі оның тақтасы. Жапырақтың төменгі , сабақпен тұтасқан бөлігін оның негізі деп атайды. Көп жағдайда жапырақ тақтасы мен негізі аралығында жұмыр немесе жартылай жұмыр, сабақ тектес оның сағағы қалыптасады. Жапырақ сағағы су мен минералды заттарды оның тақтасына және ондағы пластикалық заттарды кері осьтік мүшелерге тасымалдауды қамтамасыз етеді. Бұған қосымша ол жапырақ тақтасын күн сәулесінің бағытына ыңғайлауға және оның салмағын көтеруге маманданған.

Сағақ жапырақтың басқа бөліктерінен кеш, оның негізінде алғашқы жапырақтың апикальды ауданында, интеркалярлеқ жолмен қалыптасады.

Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінде (түбінде екі бүірлік) жапырақ бөліктері қалыптасады. Жапырақтың жекелей дамуында жапырақ серіктері өте ерте қалыптасады. Жапырақтың жекелей дамуында жапырақ серіктері өте ерте қалыптасады да, тез өседі. Сондықтан олар қабыршақ тектес құрем ретінде бүршікке жамылғы және қорғаушы қызметін атқарады.

Қынапшалы жапырақ – қондырма, сағағы жоқ, сабаққа табақшаның түп негізімен бекінеді. Ал кей жағдайда табақша түбі созыла жіңішкеріп, жартылай түтік немесе науа тәріздес оське киіле қалыптасады.

Жапырақтың басты бөлігі – оның тақтасы. Егер оның сағағында бір ғана жапырақ тақтасы болса –онда жай , ал егер бірнеше болса – күрделі жапырақтар деп атайды. Күрделі жапырақтың ортақ осі рахис деп аталады.

Оның жекелеген жапырақшаларының рахисте орналасуына қарай қаурысында және саусақ тәрізді күрделі жапырақтар болып бөлінеді. Олардан басқа үш құлақ-күрделі жапырақтарда кездеседі. Күрделі жапырақтар өркеннің бірінші, екінші, үшінші дәрежелі тарамданғаны сияқты екі – үш рет қауырсынданған күрделі немесе көп рет үш жапырақшалы болып қалыптасады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий