0 комментариев

Құстардың арғы тегі кімдер ? Рептилилермен құстардың аралық формасы болатын неше фактісі бар ? Бор дәуіріндегі қалдықтардың ішінен құстардың неше ерекше тобы болған ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Құстардың арғы шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардың арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз. Рептилилердің бір бұтағы болып бөлініп, одан ең соңында құстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардың, крокадилдердің басқа рептилилердің топтарының арғы ата тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұсақ орнитозухилер болған. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп алдыңғы қол аяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын сол сияқты жамбас белдеуінде де құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінің сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтардың көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсандарына ұқсас қабыршақ кетеді.

Псевдозухлер репитилилердің маманданған бір бұтағы болып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ата тегі емес. Құстардың арғы ата тектерінің шығу тегін және псевдозухилердің шығу тегі ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Ол топтадың эволюциясы алғашқы кезде ағаштарға өрмелеп жүруден болуы мүмкін. Соның салдарынан артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға маманданған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының артқы жиегіндегі қабыршақтардан ұзарып қанаттың қауырсынның алғашқы нұсқасы құраған. Осыған байланысты қазіргі кездегі гоациндардың балапандарының саусақ қанаттарының жәрдемі мен ағаштарға өрмелеп шығуын еске түсіруге болады. Ағаштарға өрмелеп жүрудің нәтижесінде артқы аяқтарының бірінші саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы арт жағына қарай бағытталып орналасқан. Б-Бұдан әрі қарай даму кезеңінде қабыршақтарының жиі кеңейіп қауырсынға айналған. Бұл даму процесі алдымен қанаттарымен құйрық қауырсындарынан басталып бүкіл дене қауырсындараның даму мен аяқталады. Қауырсынның пайда болуы олардың ұшуына мүмкіндік беріп қана қоймай дене жылуының реттелуіне яғни құстардың “жылы қанды” болуына себепші болған.

Құстардың нағыз тегінің қалдығы әлі табылмаған. Полентологиялық қазбалардың ішінде рептилилер мен құстардың аралық формасы болатын үш факты бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы соңынан толық скелет табылған. Оның біреуін археоптерис ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған.

Бұл жануарлардың құстарға ұқсас белгілері ; денесі қауырсынмен қапталған алдыңғы аяқтары өзгеріп қанатына айналған жауырыны қылыш пішінді, бұғаналарының басы бірігіп екі айрық бір сүйекке айналған, жамбас сүйегінің құрлысы артқы аяқтарындағы сирақ пен табан сүйегі және бір саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы аяғынығының арт жағына орналасқан. Сонымен қатар бұлардың рептилилерге ұқсас бір сыпыра белгілері: мүйізді тұмсығының тістерінің болуы құйрық бөлімінің ұзын 20 шақты омыртқадан тұруы және оның жіңішке болуы қырлы төс сүйегінің болмауы бүйір қабырғаларының болуы т.б. алдыңғы үш саусағында жетілген тырнақтары болған, жамбас сүйегі құстардікі сияқты төрт-алты омыртқа арқылы қозғалмалы болып байланысқан.

Археоптерикс пен археорнистің дене құрлысына жасалған талдау, олардың тірішілік әрекеттерінің қандай болғанына болжау жасауға мүмкіндік береді. Бұлар ағаштарға өрмелеп ағаштан-ағашқа секіріп тіршілік еткен, бірақ ұша алмаған организмдер. Бұған олардың алдыңғы аяқтарының нашар болуы төсінде қырлы сүйектің болмауы , сонымен қатар қанат сүйектеренің бетінің тегіс болуы ұшуға мүмкіндік беретін күшті бұлшық еттің болмағанын көрсетеді. Жамбас сүйектерінің құрлысына қарағанда, олар ұсақ жұмыртқалар салған болуы керек. Әлсіз тістері насекомдармен немесе жемістермен қоректенгенін аңғартады. Артқы аяқтарының және жамбас белдеуінің құрлысына қарағанда жер бетінен гөрі, ағаштарда өрмелеп жүріп тіршілік еткен жануар екенін көрсетеді.

Бор дәуіріндегі қалдықтардың ішінен құстардың екі ерекше топтарының : ихтиорнистер мен гесперорнистердің қалдықтары табылған. Гесперорнистер ұшуға қабілеті жоқ, су құстары болған. Қанаттары болмаған алдыңғы аяқтары иығының рудименті түрінде ғана болған. Төс сүйегінің қыр болмаған. Суда жақсы жетілген екі артқы аяғының жәрдемімен жүзген. Сырт көрінісі гагарларға ұқсаған. Ихтиорнистер жақсы ұшатын жануарлар болуы мүмкін. Өйткені бұлардың қанат скелеттері жақсы жетілген және кеудесінде биік қырлы сүйегі, жақтарында тістері болмаған.

Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстардың арғы тегі, систематикалық жағынан псевдозухиларға жақын ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қорытындыға келеміз. Алғаш олар жер бетінде тіршілік еткен артқы аяғымен қозғалатын жануарлар болған. Алдыңғы аяқтары қармап ұстау қызметін атқарған. Одан кейін тіршілігін ағаштарды өрмелеп жүріп өткізген. Ағаштан-ағашқа секіру, қалықтап ұшу сияқты әрекеттердің барлығы қанат қабыршағының ұзарып жетілуімен байланысты. Бұл қабілетінің жетілуі ұшуға төселуге әкеліп соққан. Құстардың тіршілігіне қолайлы орта – орман болып саналады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий