0 комментариев

Қырсыз тестілер немесе түйеқұс тәрізділер. Бұл  топқа жататын құстардың өзіндік ерекшелігі қандай ? Қарапайым құрылыстың белгілеріне не жатады ? Олар қай жерде мекен етеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қырсыз тестілер немесе түйеқұс тәрізділер. Бұл топқа жататын құстардың өзіндік ерекшеліктері бар: Бір жағынан олардың қарапайым құрылыстылығы болса, екінші жағынан ұшпай жердің бетімен адымдап немесе жүгіріп жүруіне байланысты жоғары маманданған белгілерінің болуы. Қарапайым құрылысты белгілеріне мыналар жатады: аптерийлерінің болмауы, қауырсындарының топқа бөлініп жіктелмеуі, желпуіш қауырсындарының болмауы; осыған байланысты бұлардың қауырсындарының тек қана денесін суықтан сақтау қызметін атқаратындығы. Бұл құстардың төсінде терісінің қатты сүйелі болады. Төсі кішірек келеді және оның қыры болмайды. Жауырыны және коракоидасы бірігіп бір сүйекке айналып кеткен.

Бұғанасының жұрнағы қалған. Жамбас сүйектері мен бас сүйектері есейе келе бір-бірімен жымдасып бірігіп кетеді. Құйрық безі болмайды. Бірден бір қозғалыс мүшесі басқа органдармен салыстырғанда әлдеқайда ұзын ері мықты болып келетін екі артқы аяғы.

Тез қозғалуына байланысты саусақтарының саны 3, немесе 2 -ге қысқарған. Сүйектерінің ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген. Еркектерінің шағылыс мүшесі болады. Қырсыз тесті құстар осы заманда Африка, Аравия, Австралия. Оңтүстік Америка және Жаңа Зеландияда таралған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий