0 комментариев

Африка түйеқұстары ол  қандай құстың түрі ? Сыртқы бейнесі қандай ? Олар қай жерде мекендейді ? Бұл түйеқұстардың бір-бірінен айырмашылығы қандай ? Түйеқұстар немен қоректенеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Африка түйеқұстар . Осы замандағы құстардың ең ірісі деген бірғана түрге жатады. Ересек аталықтарының бойының биіктігі 260 – 275 см болады. Орта салмағы 50 кг. Өте ірілерінің салмағы 90 кг жетеді. Бұлардың ерекшелігі – аяғының саусағы екеу ғана болады. Шап сүйектері бірігіп кеткендіктен, жабық жамбас сүйектерін құрайды, қанаттары едеуір үлкен. Бұл түйеқұстар қазіргі кезде Аравия мен Африқаның шөлді-далалы аймақтарында кездеседі. Өте тез жүгіреді, жүгіргенде адымы 2-3 метрді алады. Негізгі қорегі – өсімдіктер, кейде ұсақ жануарлар, кеміерушілер, рептилилер, насекомдар болып табылады.

2-отряд. Америка түйеқұстары немесе нанду (Rheiformes).

Америка түйеқұстары Африка түйеқұстарынан гөрі кішірек келеді. Түсі сұр-қоңыр және үш саусақты болады. Бойының биіктігі 150 см, ал салмағы 20 кг жуық. Қанаттары едәуір жақсы жетілген. Көбірек тараған түрі кәдімгі нанду. Бұлардың бірнеше он шақтысы бірігіп топтасып жүреді. Кебею көзінде бір аталығына 5-7 аналығы келетіндей болып, ұсақ топтарға жіктеледі. Нанду полигам. Ұрықтанған аналығы жұмыртқаларын бір ұяға салады. Жұмыртқаларын аталықтары ғана басады. Олар жұмыртқадан шыққанан кейін де балапандарын ертіп жүреді. Бір ұяда 30 – 40 жұмыртқа болады. Инкубация периоды 42 күнге созылады. Нандуды кейбір жерлерде жартылай үй құстары есебінде өсіреді.

3- отряд. Австралия түйеқұстары немесе Казуарлар (Casuaruformes)

Бұлар ірі, үш саусақты, сыртынан қарағанда байқалмайтын шамалы қанаты бар құстар. Басқа түйеқұстарға қарағанда бұлардың аяқтары қысқарақ келеді. Бас жағындағы қауырсындары қысқа нашар жетілген. Қауырсындарының қосымша сабағы болады.

Казуарлар туысына жаңа Гвинейға және Австралияның көрші бөлімдеріне тараған бірнеше түрлері кездеседі. Казуарлардың басы жалаңаш, және басымен мойынның үстіңгі бөлімдері ашық айқын түсті болады. Басында мүйізденген айдары бар. Олар ыстық жақтың ағашты бөлімдерінде тіршілік етеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий