0 комментариев

Қанатсыздар немесе кивилер олардың сыртқы пішіні қандай ? Олар немен қоректенеді ? Өздеріне тән қасиеттері қандай ? Олардың неше түрі бар ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бұлар қырсыз тестілер ішіндегі ең ұсағы. Дене мөлшері ірі тауықтай, салмағы 2 – 3 кг. Денесі тығыз, мойны, аяғы түйеқұстарға қарағанда қысқарақ, төрт саусақты болады. Тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген. Танау тесігі тұмсығының ұшына таман орналасқан. Қауырсындары ұзын тарқатылған сияқты болады. Қанаттары жоққа тән, құйрығы болмайды. Негізінен құрттармен, насекомдармен, кейде өсімдіктермен де қоректенеді. Иіс органдары басқа құстарға қарағанда жақсырақ жетілгендіктен, соның көмегімен жемін іздеп тауып жейді. Баяу көбейеді. Көбінесе бір, кейде екі ірі жұмыртқа салады. Бір жұмыртқасының салмағы 450гр болады. Бұл пингвиндер.

Пингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирақтары нашар дамыған. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының түктері – пәрлер жіңішке болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.

Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып жайлап қозғалады. Ұяларын жерге салады. Кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып үйіп жасайды. Ал кейбіреулері жерді шұңқырлап ұя салады. Олар бапықтармен, шаян тәрізділермен, кейді бесаяқты молюскалармен қоректенеді. Пингвиндердің 20 шақты түрі белгілі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий