0 комментариев

Қырлы тесті құстардың сыртқы пішіні қандай ? Бұл құстардың неше түрі бар ? Олар немен қоректенеді ?  Қырлы тесті құстар қай жерлерде мекен етеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Ұшатын құстарының көпшілігінде төссүйектерінің қыры жақсы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінің ауа қуыстары болады. Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. 1-отряд. Гагар тәрізділер.

Бұл отрядқа суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су құстары жатады. Мойны ұзын, ал тұмсығы біршама ұзындау. Қанаттары қысқа әрі сүйір келеді. Құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.

Гагар тұқымдасына алдыңғы үш саусағы тұтасып жарғақпен жалғасқан, ірі құстар жатады. Негізгі қорегі балықтар болып есептеледі. Олар негізінен Балтық, Қара, Каспий және Жапон теңіздерінде қыстап шығады.

Гагарлар көбейер көзінде аталығы мен аналығы бірігіп жүреді. Ұяларын судың жағаларына салады. 1-3 жұмыртқа салады, жұмыртқасын ата-анасы кезектесіп 28 күн басады. 2-отряд. Поганкалар.

Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшері жағынан кішірек, әрбір саусақтарының айналасында жарғақтары болады. Поганкалар негізінен су насекомдарымен және олардың личинкаларымен, кейде шаяндармен, моллюскалармен және ұсақ балықтармен қоректенеді.

Поганкалардың ұясы түрлі шөптесін заттардан жасалып, судың бетінде қалқып жүреді, 2-7 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Поганкалар өмірінің барлығын дерлік суда өткізеді. Олар ұшар алдында жүгіріп барып, көтеріліп шапшаң ұшады. Поганкалардың еті қатты және дәмсіз, әрі оның етінен балықтың дәмі шығып тұрады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий