0 комментариев

Ескек аяқтылар қай жерде тіршілік етеді ? Сыртқы бейнесі қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Ескек аяқтылар тұщы суда, көбінесе теңізде тіршілік ететін аяқтары қысқа, төрт саусағы кең жарғақпен қосылған, ал үлкен саусағы кейін қарай емес ішіне қарай қараған құстар, тұмсығы ұзын. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, қызылшақа болып, ата-анасының екеуі де қоректендіреді.

Бірқазандар тұқымдасына өте ірі тұмсықтары екі жағынан қысыңқы төменгі жағының аралығына орналасқан созылғыш тері қалтасы болады. Тұмсығының ұшы иілмек тәрізді иілген. Мойны ұзын, жіңішке, ал аяқтары және құйрығы қысқа, жалпақ келеді.

Бізде бірқазандар: Қара, Каспий, Арал теңіздерінің және Кавказ Орта Азияның ірі өзендері мен көлдерінің жағалауларында кездеседі. Өзендер мен көлдердің қалың қамысты жайылмаларына өсімдік тектес заттардан бөгет жасап, ұяларға жұмыртқаларын топтанып жүріп салады. Олар жақсы жүзгенімен суға сүңги алмайды. Олар көбіне балықпен қоректенеді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий