0 комментариев

Дегелек, қазтәрізділер, күндізгі жыртқыштар, тауық тәрізділер отрядының сыртқы бейнесі қандай ? Қай жерлерде мекендейді ? Немен қоректенеді ? Бір-бірінен айырмашылығы қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Дегелек тәрізділер – дене мөлшері әртүрлі, көпшілігі ірі, ұзын иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар. Олардың аяқтары сирақ бөлімінің жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты; оның алдыңғы үш саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді. Бұлар жануар қоректілігімен және балапандарының жұмыртқадан қызылшақа, дәрменсіз болып шығуымен сипатталады. Балапандары толық жетілгенше ұзақ уақыт ұяларында болып ата аналары қоректендіреді. Артика мен Антрактидадан басқа жердің барлығына тараған.

Қаз тәрізділер

Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, аралары тері жарғақтармен қосылған. Әдетте олардың тұмсығы, жалпақ, үстіңгі жағынан төмен қарай қысыңқы келеді. Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты, шеткі қауырсындары болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған.

Аталығының шағылыс органы болады. Жылына бір рет жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүниежүзінде 200 – дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрлері кездеседі. Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан ұй құстарының көптеген турлері шығарылған.

Күндізгі жыртқыштар

Бұлардың үлкендіктері мен жалпы тұлғасы әр түрлі болып, тұмсықтарының ұшы төмен қарай қармақ тәрізді иілген, оның түп жағында сарғылттау түсті сағыз сымақ деп аталатын жалаңаш терілі бөлімі болатын құстар. Тырнақтары түрліше иілген. Қауырсындары тығыз. Жемсаулары жақсы дамыған. Бұлардың етті қарны нашар айқындалған. Балапандары жұмыртқадан шыққанда көздері ашық, денесі мамық қауырсынмен қапталып тұрады. Олар баяу жетіледі, сондықтан көп уақытқа дейін ұясында болады, яғни әлсіз, қызылшақа балапан шығаратын құстарға жақын организмдер. Екі отряд тармағына бөлінеді.

Америка құмайлары отряд тармағы. Бұлар Оңтүстік Америкаға және Солтүстік Америқаның оңтүстігіне тараған, өз алдына ерекшеліктері бар азғана жыртқыш құстар болып табылады.

Қалыпты жыртқыш құстар отряд тармағы. Осы отряд тармағына жататын жыртқыш құстардың барлығын қосып келгенде екі тұқымдасқа бөлінеді: сұңқарлар және қырғи тәрізділер. Сұңқарлар тұқымдасына орташа және ұсақ құстар жатады. Астынғы жағының езуінің жақын жерінде өткір қайшы сияқты тісшелері болады. Бұлардың қанаттары ұзын және ұшты келеді.

Қырғи тәрізділер тұқымдасы. Бұлардың тұмсығының езуінде қайшы сияқты еткір тісшесі болмайтын, қанаттары қысқарақ және моқалдау келетін жыртқыштар.

Тауық тәрізділер. Тауық тәрізділер барлық жерлерге тараған. Олардың денелері тығыз, қанаттары қысқарақ, ұштары дөңгеленіп біткен. Бұлардың табандары күшті, төрт саусақты, тырнақтары жуан және ұзын, аздап ішіне қарай иілген, тырнақтары жерді қазуға бейімделген. Көпшілік түрлері – ұрпақтарына қамқорлықты аналықтары ғана атқарады. Балапандары жұмыртқадан шығысымен ата-анасына еріп кетеді. Бұлар өзге отрядтармен салыстырғанда жұмыртқаны көп салады. Көпшілігінің кәсіптік экономикалық маңызы үлкен. Олардан қолда асырайтын көптеген үй құстарының түрлері шығарылады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий