0 комментариев

Балықшылар отрядына қандай құстар жатады ? Олардың сыртқы бейнесі қандай ? Бір-бірінен айырмашылығы неде ?  Қай жерлерде тіршілік етеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Тырналар – ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын , ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады. Олар далалы және батпақты жерлердің барлығында кездеседі. Бізде тырналар деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиі кездесетіні сұр тырна. Бұл ұзындығы 120 см салмағы 6-кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. Ұяларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2-3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары ширақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, насекомдармен, тышқандармен қоректенеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары. Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы.

Сутатарлықтар

Батпақты тоғайлы, кейде сулы жерлерді мекен ететін кіші және орта үлкендікте болатын құстар. Олардың тұмсықтары сүйір, өтпелі танау тесіктері болады. Қанаттары қысқа, моқал келеді. Бұл құстар нашар ұшады, өсімдігі қалың жерлерде жақсы қозғалады. Ұяларын жерге немесе жапырылған қалың шөптердің үстіне салады. Ұясында 3-12 жұмыртқа болады. Балапандары ширақ, оларды асырауға ата-анасы бірдей қызмет етеді. Олар омыртқасыздармен, өсімдіктің жұмсақ жапырақтарымен, тұқымдармен қоректенеді. Бұлар өте көп тараған құстар. Біздің фаунамызда он шақты түрі кездеседі.

Дуадақтар .

Пішіні тауықтарға ұқсас, ірі құстар. Бұлардың мойны мен саусақтарының ұзындығы орташа. Үш саусақты, қысқа тұмсықты құстар. Жер шарының шығыс бөлімінің далалы және шөлді жерлерін мекен етеді. Құрғақ ортада тіршілік ететін болғандықтан, құйымшақ безі болмайды. Аталығында жұтқыншағымен жалғасатын тері қалташасы болады, ол дыбысты күшейтіп шығаруға қатысады. Біздің фаунада үш түрі кездеседі. Көбірек тараған түрі дуадақ. Салмағы 16 кг болатын ірі құс. Ашық даланы мекен етеді. Ұяларын бозды шөпті далаға, кейде егіндікке де салады. Жазғытұрым қосарланып жүреді. Жұмыртқаларын тек қана аналығы басады. Ұясында 2-6 жұмыртқа болады. Инкубация 30 күнге жетеді. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ келеді.

Балшықшылар.

Бұлардың көпшілігінің аяғы және тұмсығы ұзын келеді. Қанаттары үшкір, құйрығы қысқа болады. Дене мөлшері орташа және кіші болатын құстар деуге болады. Бұлар әдетте су жағасында батпақты жерде, кейде далада кездеседі. Балшықшылар ұясын жерге салады. Балшықшы деген түрі ұясын ағашқа салады. Ұясында 4 жұмыртқа болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда ширақ келеді. Отрядтың 200 ге түрі белгілі, бізде оның 50 ден аса түрі кездеседі.

Қызғыштар бізде кең тараған, желкесінде айдары бар, денесінің сырты қара, кеудесі және екі бүйірі ақ кәдімгі қызғыш жиі көзге түседі. Бұлардың үлкендігі кішігірім көгершіндей болады. Олар тундрадан басқа жердің барлығында кездеседі. Ұясын топтанып жүріп батпақты және сазды көгал жерлерге салады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий