0 комментариев

Көкектер қай жерлерде мекендейді ? Ол немен қоректенеді ? Оның сыртқы бейнесі қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Негізінен тропик өңірінде кездесетін ағашты және бұталы жердің құстары. Аздаған түрлері өздеріне ұя салады және жұмыртқасын басады. Көпшілігі ұя салып жұмыртқа басу инстинкттігін жоғалтқан. Мысалы: қаршыға, көкек деген Шығыс Азияда мекендейтін түрі жұмыртқасын өзі басып, балапан шығарады, көпшілігінде жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді.

Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмыртқасының түсі ұядағы басқа құстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ көзінде, не жерге салып, оны тұмсығымен басқа құстың ұясына апарады.

Жұмыртқадан шыққан Көкектің балапандары ептеп, иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жұлдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий