0 комментариев

Ұзын қанатты құстарға қандай құстар жатады ? Оларды неліктен “ұзын қанттылар” деп атайды ? Ұзын қанаттылар қай жерлерде тіршілік етеді ? Олар немен қоректенеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ұзын қанаттылар. Бұл отрядқа сұр қарлығаштар және колибрилер жатады. Олардың қанаттары ұзын және сүйір болады, сондықтан тез бұрыла, ұша алады.

Сұр қарлығаштар сыртқы пішіні мен тіршілік ету тәсілі жағынан қарлығаштарға ұқсайды. Олар ұшып бара жатып ұсақ насекомдарды қағып жейді. Өйткені, аяқтары қысқа, төрт саусағының барлығы да алдына қарай бағытталғандықтан жер бетімен жүре алмайды. Бұлар ұяларын ағаштардың қуысына жартастардың жарығына, үйлердің жапсарларына салады. Бізде кәдімгі сұр қарлығаш кең тараған. Ұяларын слекей бездерінен шыққан жабысқақ және тез қататын шырындарымен салады.

Колибрилер – ұсақ және өте ұсақ ерекше құстардың тобы. Ірі колибрилер қарлығаштай, ал ұсағы түкті араның үлкендігіндей болады. Түсі ашық жарқырауық келеді. Олар өте тез ұшады, қанатын жиі қағатын болғандықтан тіпті оның пішінін байқау мүмкін емес. Барлық түрлері де ағашты, бұталы жерлерді мекендейді. Олар гүлдердің нектары мен және гүлдегі ұсақ насекомдармен қоректенеді. Бұлардың көпшілігінің тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген, нектарды соруға бейімделген болады. Бұтақтарға ұялайды, ұясында екі жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз, аналары өздерінің аузынан нектарларын кейін шығарып, балаларының аузы арқылы өңешіне құяды. Колибрилердің көпшілігі өсімдіктерді тозандандырады. Жалпы 600-дей түрі белгілі. Оңтүстік және солтүстік Америкада мекендейді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий