0 комментариев

Тоқылдақ тәрізділердің сыртқы бейнесі қандай ? Олар немен қоректенеді ?  Тоқылдақтардың неше түрі бар? Олардың неше түрі бар ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Тоқылдақ тәрізділердің көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар. Бұлар ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты мүйізденген тұмсығының жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады.

Олар ағаш бойларымен тез қозғалады, тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады.

Біздің фаунада тоқылдақтардың 10 – нан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ, үлкен ала тоқылдақ, кіші ала тоқылдақ, жасыл тоқылдақ және т.б. орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий