0 комментариев

Торғай тәрізділердің неше түрі бар ? Олар немен қоректенеді ? Қай жерлерде мекен етеді ? Сыртқы бейнесі қандай ? Олардың бір-бірінен айырмашылғы неде ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Торғай тәрізділерге қазір тіршілік ететін құстардың жартысынан көбі жатады, оның 5000-ға жуық түрі белгілі. Сыртқы пішінімен мөлшері алуан түрлі болады. Ең ұсағы каролек, оның салмағы 5 – 6 г болады, ал ірісі қарға салмағы 1100 – 1500 г болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі бұталы, орманды жерлерді мекендейді. Торғай тәрізділердің ішінде нағыз су құстары болмайды. Барлығы да болжыр балапанды құстар. Ұясын өте ұқыпты жасайды. Кейбір түрлері жылына екі рет балапандайды. Торғай тәрізділер үш отряд тармағына бөлінеді.

  1. Үншіл торғай тәрізділер. Тропиктік ұсақ орман құстар 1000 – ға тарта түрі белгілі 11 тұқымдасқа топтасады.
  2. Жалған жыршы торғай тәрізділер. Бұған Австралияға тараған бір азғана түрлері жатады. Нағыз торғай тәрізділермен салыстырғанда, дыбыс байланыстары нашар жетілген. Негізгі тұқымдасы – лиралар.
  3. Жыршы торғай тәрізділер. Бұл отряд тармағына, отрядтағы түрлердің 2/3 бөлігі жатады. Дыбыс аппараты толық жетілген. 5-7 пар дыбыс еттері болады. 4000-ға тарта түрі белгілі, олар 52 тұқымдасқа бірігеді. Олардың түрлері:

Бозторғайлар далада шөлді жерлерде, тіршілік өтетін ұсақ құстар, артқы саусағының тырнағы түзу және ұзын. Бұлар ауада ұшып жүріп жырлайды.

Қарлығаштар – өте тез ұшатын ұсақ құстар, олар насекомдарды ауада ұшып бара жатып, қағып ұстап жейді. Бізде қарлығаштардың 3 түрі қыстау қарлығашы, қала қарлығашы, жаға қарлығашы кездеседі.

Қарғалар – дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бір сыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік өтеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа – құзғын, қарға, ұзақ, сауысқан, және т.б. жатады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий