0 комментариев

Жапалақтың сыртқы пішіні қандай ? Ол неге ұшқанда дыбыс шығармайды ? Жапалақтың басқа құстардан айырмашылығы ? Олардың неше түрі бар ? Елімізде қанша түрі кездеседі ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жыртқыш құстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағұрлым алыстау тұрады. Жапалақтың қауырсындары қалың және жұмсақ, қопсып тұрады.

Сондықтан да ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Құлақ қуысының алдыңғы жағында, дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпары орналасқан. Бұлардың көзі үлкен, сондықтан жапалақтар түнде де жақсы көреді.

Басын өте тез қозғап, 270 градусқа бұра алады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды. Бұлар көп жерге тараған құс, 200 – ге жуық түрлері бар. Ал бізде 20 – дай түрі кездеседі. Балапандары әлсіз, көп уақытқа дейін ұяларында болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий