0 комментариев

Әбуғали Сәрсенбаев кім ? Қай жерде дүниеге келген ? Қандай қызметтерді атқарған ? Әбуғали Сәрсенбаев қандай тақырыптарда қалам тартқан ? Оның қандай туындылары бар ? Қандай мемлекеттік сыйлықтардың иегері ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи алалсыз.

Әбуғали  Сәрсенбаев 1905 жылы 15 қазанда қазіргі Атырау облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы Мақаш ауылдық округінің Алға ауылында дүниеге келген. 1929 жылы Астрахань кеңестік партия мектебін бітіріп, 1932-1934 жылдары Алматыдағы Комвузда оқыған. 1934-1936 жылдары «Түрксіб» газетінде редактор, 1936-1942 жылдары Қазақтың мемлекеттік баспасын басқарды. 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1953 жылдар аралығында Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының директоры болды.

Әдебиетке 1930 жылдардың орта тұсында келді. «Еділ толқыны» (1937), «Жүрек сыйы» (1938), «Ант» (1939), «Ақша бұлт» (1947) жыр жинақтары оның ақындық қарымын танытса, «Туған өлке» (1948), «Махаббат жыры» (1949), «Отан таңы» атты кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбек қаһармандарының бейнесін жасауға арналған. Оның прозалық шығармаларының ішінде Каспий теңізшілерінің қазіргі еңбегіне, өміріне арналған «Теңіз әуендері» (1969) романының орны ерекше болса, «Толқында туғандар» (1953) кітабында байырғы қазақ балықшы-жұмысшыларының ауыр тіршілігін шыншылдықпен бейнелейді.
Жазушының әдебиетке қосқан еңбектері еленіп, 1987 жылы Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілді.
Октябрь (Қазан) Революциясы, I дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған. 1995 жылы 25 қарашада өмірден өтті.
«Арбасу» (Қ.Жұмалиевпен бірлесіп, 1948), «Теңіз махаббаты» (1975) атты пьесалары, «Әдебиет хрестоматиясы» (Е.Исмайыловпен бірге құрастырған, 3 сынып үшін, 1938), «Оқу кітабы» (үлкендер мектебіне арналған, 1941), «Ана тілі» (3 сынып үшін, 1948, 1959) атты оқулықтары жарық көрген. Әскери новеллалар мен эсселер жинақтары да бар. Шығармалары орыс, эстон, түрікмен, тәжік, болгар, т.б. тілдерге аударылған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий