0 комментариев

XIII-XV ғасырдағы ауызша әдебиет туралы тың  ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

XIII ғасырдың басында Кет-Бұғы жыраудың (Аталық жырау, Ұлы жыршы ) шығармалары белгілі болды.  “Ақсақ құлан” Шыңғыс ханға Жошының өлімін хабарлаған күй   т.б.

Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы – XIV ғасырда ноғайлы қазақ эпосының негізін салушылардың бірі, Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөз зергері.  Сыпыра жырау туралы “Ер Тарғын” жырында “тоғыз ханды түзеткен кісі” – деп, “Телағыс” жырында ноғайлардың өзара қырқысын өршітпей, жеке басының беделімен жаулаушы жақтарды бітістіреді деп жырланады. “Едіге” жырында 180 жасқа келген халықтың ақылшысы ретінде сипатталады.  Сыпыра жырау Тоқтамыс пен Темір арасындағы тартыстарды жырлаған.

XV ғасырда  Қодан тайшы Асан қайғы және Қазтуған шығармалары туындады.  Қодан тайшы-жырау, саяси, қайраткер.  Ол Әбілхайыр ханның саясатына қарсы шығып, Жәнібек пен Керейді қолдады.

Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы) – қазақ хандығының насихатшысы “көшпенділер философы” атанған жырау, “Қырында киік жайлаған” толғауында өзара қырқысқан Алтын Орда хандарын сынайды.   Ол- Алтын Орда ханы Мұхаммедтің ықпалды билерінің бірі “Жерұйықты” іздеп, Сарыарқаның бел ортасы Ұлытауда дүниеден қайтты.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий