0 комментариев

XIII-XV ғасырлардағы қала мәдениеті мен сәулет өнері туралы тың ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Әуелгі орта ғасырларда жоғарғы деңгейде дамыған қала мәдениеті моңғол шапқыншылығы әсерінен құлдырап, XIII ғасырдың ортасынан қайтадан жандана бастады. Оңтүстік Қазақстанда, Шу өңірінде моңғол хандары қала қорғандары мен бекіністер салуға тиым салды. Бұл жағдай Әмір Темір тұсында ғана жойылды.

XIV ғасырда Отырар қалпына келтіріліп, қаланың орталық бөлігі 20 гектарға жетті. Хисарда әкімшілік үйлер, әскери тұрақтар, күмбезді мешіт, базарлар, қолөнер шеберханалары орналасты:

Хисардың айналасы ауылдық жер болып есептеледі. Отырарда орталық көшеден басқа, 6 түзу көше болған. Әр қайсысы 6-12 үйден тұратын махалларға (қала аудандарына) бөлінген. Археологтар  қаладан тек бір ғана “қышшылар  махалласын” бөліп көрсетеді. Отырар, Сарайшықта ақша сарайлары салынды.

XV ғасырда Сырдария мен Арыс бойында 20 – астам қалалар қайта салынды.

XIV-XV ғасырда жаңа сәулет өнері қалыптасып,  күмбез шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңа қаптама материалдар пайда болды.  Тек өте үлкен діни құрылыстар ортағасырлық сипатын сақтады: қолбасшы Дәуітбектің Тараздағы кесенесі.

XIV ғасырдың басында ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдануы қала құрылысы мен сәулет өнерінің туғызды. Орталық Қазақстанда монументті діни құрылыстардың салынуы кең өрістеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий