0 комментариев

Фомо синдромы дегеніміз не ? Ол қандай мағына береді ? Осы синдром туралы қандай мақала жарық көрді ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

FOMO ағылшынша  «felling missing out»  – маңызды нәрсені жіберіп алудан қорқуды білдіреді. Бұл синдромның белең алуына әлеуметтік желі едәуір әсер етуде, себебі, ғаламторда отыратын адам өз өмірін жақсы жағынан көрсеткісі келіп, басқаларын бақылап, FOMO синдромына ұшырайды.   2013 жылы Фомо сөзі термин ретінде ресми түрде тіркеліп, Оксфорд сөздігіне енді.

Алғашқы рет бұл синдром туралы мақаланы бірінші курс студенттеріне зерттеу жүргізген Патрик Макгиннис жазды. Оның мақаласы Гарвард бизнес мектебінің журналында жарық көрді.  Синдромының белгілері:  – Үнемі лентаны жаңартқыңыз келеді; – Өзіңізге зейін аудартуды қалайсыз;  – Қызықты ақпарат немесе жаңалықты өткізіп алудан қорқасыз; – Барлығына ұнағыңыз келеді;  –  Сізден басқасының өмірі керемет сияқты көрінеді.  Бұл дерт адамның псиxикасына әсер етіп қана қоймай, депрессия мен көңіл-күйінің түсуіне әкеп соқтырады. Шектен тыс стреске түсу суицидке дейін әкелуі мүмкін.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий