0 комментариев

Ең алғаш Нобель сыйлығын  алған қазақстандық ? Қай сала бойынша және қай жылы берілді ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Достай Раманқұлов 1960 жылы Түркiстан қаласында дүниеге келген. Қарапайым қазақ отбасында туылып, қазақ мектебiнде білім алған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн тәмамдайды. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарының бірінде білімін шыңдайды. Елімізде Атом қуаты жөнінде құрылған комитетте қызмет істейді. АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек етеді. 1998 жылдан берi МАГАТЭ ұйымында жұмыс iстейдi. Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ Достай Раманқұлов бүгiнде Аустрияның астанасы Венада тұрады.

Қазіргі заманда адамды әп-сәтте бүкіл әлемге танымал ететін құжат бар. Өзі бір жапырақ болғанымен, одан үміткерлер мыңдап саналатын осы бір қағазда – «Нобель сыйлығының лауреаты» деген сөз алтын әріппен жазылады. Сонымен бірге, бұл құжатты салтанатты тапсыру рәсімі дүние жүзінің телевизиялық жүйесі арқылы әлем жұртшылығының көз алдында өтеді. Халықаралық марапатқа қолы жеткендердің бірі – қазақ баласы Достай Раманқұлов. Ол Нобель сыйлығымен марапатталған бірінші қазақ, нақтырақ айтсақ, тәуелсіз еліміздің тұңғыш өкілі.

Ол Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «Қазатомэнергопром» Ұлттық Атом компанияларында қызмет еткен. Кейін халықаралық МАГАТЭ ұйымының жауапты қызметкері болып тағайындалады. МАГАТЭ ұйымы мен оның бас директоры Мұхаммед әл-Барадей Нобель сыйлығының 2005 жылғы лауреаты атанған кезде, МАГАТЭ атынан марапатқа лайық деп табылған 11 адамның ішінде Достай да болған.

МАГАТЭ ұйымы Атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолданылуын үндейді,  қазіргі таңда оған 131 ел мүше. Ішінде тәуелсіз Қазақстан да бар. Халықаралық агенттікте 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал Нобель сыйлығының лауреаттығына осыншама қызметкер ішінен Достай сынды 11 кәсіби маман ғана таңдап алынған.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий