0 комментариев

Сферасома дегеніміз не ? Оны ең алғаш тапқан кім ? Оның құрылымы мен қызметі қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сферосомалар өсімдік жасушаларындағы анық ажыратылатын органоидтер. Оларды 1880 жылы неміс ғалымы Ханштейн тапқан. Сферосомалар шар пішінді болады, ұзақ уақыт сферосоманы олеосомамен (май тамшылары) шатастырып келген. Сондықтан олардың құрылысы мен қызметі мүлде белгісіз болды. Сферосоманың құрылымы мен қызметін дүние жүзінде бірінші болып ашқан Қазақстан ғалымдары (профессор, б.ғ.д. КРҒА академигі М.Қ.Гильманов және оның әріптестері).

Сферосомалар диаметрі 1 мкм шамасындағы дұрыс пішінді дөңгелек денешіктер. Сферосомалардың барлық өсімдіктерге тән екені анықталған. Сферосоманың орталығында екі кабатты фосфолшдті шар орналасқан, оған көптеген нәруыз молекулалары бекініп, пісіп-жетілген бақбақ гүліне ұқсас құрылым түзеді. Сферосомалар фосфолипидтер мен нәруызды қорға жинау және өсімдіктің өсуі мен дамуы процестерін реттеу қызметін атқарады. Цитоплазмада әр түрлі заттар — қосындылар жинақталады. Қосындылар дегеніміз — цитоплазмадағы (кейде ядродағы) салыстырмалы түрде тұрақсыз құрылымдар. Бұған зат алмасу өнімдері (пигменттер, секторлы жасушалардағы нәруызды түйіршіктер) немесе қор ретінде жиналатын қоректік заттар (гликоген, май тамшылары) жатады.

  • 1. Жасушаның құрамына өздеріне тән қызмет атқаратын органоидтер:

митохондрия, хлоропласт, Гольджи жиынтығы, лизосома, сферосома, вакуоль және жасуша орталығы           кіреді.

  • 2. Олар өздерінің құрылысы және қызметі бойынша ерекшеленеді. Барлық органоидтер бір-бірімен әсерлесіп, жасушаның қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.
  • 3. Митохондрия — жасушаның энергетикалық станциясы. Ол органикалық қышқылдардың тотығуы нәтижесінде АТФ және НАДН түрінде энергия жасап шығады. Хлоропласт күн сәулесі энергиясын АТФ және НАДФН энергиясына айналдырады.
  • 4. Хлоропластарда, сонымен бірге оттектің бөлініп шығуымен жүретін су фотолизі процесі және көмірқышқыл газының органикалық қосылыстарға, ең бірінші қантқа айналу процесі жүреді.
  • 5. Гольджи жиынтығында қант қалдықтарының нәруыз молекулаларына қосылу процесі жүзеге асады да, соның салдарынан нәруыздар күшті гидрофильдік қасиетке ие болады. Өзгеріске түскен нәруыздар әр түрлі кілегейлі заттардың негізі болады.
  • 6. Лизосомада майлар, нәруыздар және көмірсуларды ыдырататын ферменттер шоғырланған.
  • 7. Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы — онда вакуоль деп аталатын ерекше түзілім болады. Жас жасушаларда вакуоль болмайды. Ол пісіп-жетілген жасушаларда пайда болып, қартайған жасушаларда ұлғаяды.
  • 8. Сферосомалар гормондық сигналдарды жүзеге асыру процесіне қатысады. Жасуша қосындылары нәруыздар, майлар және көмірсуларды қорға жинау орталығы қызметін атқарады.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий