0 комментариев

Митохондрия дегеніміз не ? Оның негізгі функциясы қандай ? Митохондрия грек тілінен аударғанда қандай мағына береді ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Митохоңдриялар АТФ-ті синтездеуші органелла. Негізгі функциясы органикалық қосылыстарды то-тықтырып, олардың ыдырауының нәтижесінде бөлінген энергияны пайдалануға байланысты. Осы қызметін еске алып Клод митохондрияларды клетканың “қуат станция-сы” деп атаған. Клетканың тыныс алу органелласы деп атауға болады.

Митохондриялар бактериялар мен көк-жасыл балдырлардан басқа клетканың бәрінде де, атап айтқанда жануарлардың клеткаларында, жоғары сатыдағы өсімдіктерде, балдырларда және қарапайым жәндіктерде болады.

Цитоплазманың ерекше органелласы ретінде митохондрияларды алғаш рет кім ашқанын анықтау қиын. 1850-1890 жылдар арасында көптеген цитологтар клетканың цитоплазмасында гранулалық элементтердің болатындығы жөнінде өздерінің мәліметтерін жариялаған, әр түрлі аттармен аталған, бірнеше қызмет атқарады деп жазған. Осы органелланы анықтаудағы Келликердің еңбегі өте үлкен. Клетканың структураларынан митохондрияларды жеке ажыратып алғанда Келликер. 80-ші жылдары Флемминг көптеген клеткалардың цитоплазмасынан жіп тәрізді структураларды бөліп алған. Флеммингтің осы жіптері митохондриялар болады. 1890 жылы Альтман гранулаларды бояйтын бояу әдісін ашқан. Бұл әдіс митохондрияларды жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Альтман бұл органелланың түрлі клеткаларда болатынын анықтап, био-бластар деп атаған. Гректің “митос”— жіп, “хондрион”— гранула деген сөздерінен құралған. Митохондрия термині 1897 жылы Бенда ұсынған, көп атаудың бірі болып қала берді (хондриоконттар, хондриопластлар, хондросомалар, хондриосфералар т. б.). Тірі клеткаларды зерттегенде митохондриялар қозғалысының, формасы мен үлкендігінің өзгеретінін байқауға болады.

Митохондриялардың формасы айнымалы келеді, бірақ та көбінесе жіп немесе гранула тәрізді болады. Басқа фор-малары да кездеседі: жұмыр, сопақша, таяқ, сақина, жұлдыз, спираль тәрізді формалары (10-сурет). Митохонд-риялардың формалары әр түрлі организмінің клеткалары мен ұлпаларында ғана түрліше болып коймай, бір клетка-ның өзіңде, оның тіршілігінің сан алуан кезеңінің өзінде де әр түрлі болады. Түрлі әрекеттердің әсерінен митохондриялардың формасы өзгереді. Митохондриялардың үлкендігі де бірдей болмайды. Клеткалардың әр типіндегі митохоңдриялардың үлкендігі мен саны сол клетканың энергияны қажет етуіне тәуелді. Соның өзінде де клеткалардың көпшілігінде олардың жуаңдығы біршама тұрақты болады (0,5 мкм), ал ұзындығы айнымалы келеді, жіп тәрізділерінің ұзындығы 7-10 мкм-ға дейін жетеді.

Клеткадағы митохондриялардың орналасуы әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе цитоплазмада бір қалыпты шашыраңқы орналасады. Әдетте АТФ көп жұмсалатын учаскелерінде жиналады.

Митохоңцриялардың цитоплазмада орналасуын оның энергия көзі ретінде атқаратын қызметімен байланыстырып карастыру керек. Кейбір клеткаларда олар цитоплазманың түрлі учаскелері қажетіне АТФ-ті жеткізіп отырғандай болып цитоплазмада еркін орналасады. Клеткалардың екінші түрінде митохондриялардың клеткадағы орны тұрақты болады. Клеткадағы митохоңцриялардың санын дәл анықтау қиын, алайда клетканың типі мен функциялық күйіне тәуелді. Сүт қоректілердің бауыр клет-касында 1000-дай, бүйректің клеткасында шамамен 300-дей, сперматозоидта 25 митохондрия болады.

Өсімдіктердің клеткасында жануарлар клеткаларына қарағанда митохондриялар саны аз болады, себебі олардың қызметінің бір бөлігін хлоропластлар атқарады. Ірі митохондрияларды кәдімгі микроскоппен көруге болады. Бірақ оның ішкі құрылысы тек электрондық микроскоп арқылы көрінеді. Эукариоттардың митохондриялары бір жоспармен құралған. Митохондрия екі мембранадан тұрады: сыртқы мембранасы тегіс, қалыңдығы 7 нм, митохондрияны сыр-тынан қаптап тұрады және цитоплазманың басқа мембра-наларымен жалғаспайды. Ішкі мембрананың қалыңдығы 7 нм, митохондрияның ішкі қүрамын немесе матриксті қоршап тұрады. Ішкі мембрана клетканың қуаттық қоңдырмасының шын мағынасындағы жүрегі, оның энергия генераторы. Ішкі мембранада тыныс тізбегі және онымен байланысты фосфорлау системасы болады. Мембраналар арасында ені 6-8 нм мембраналар аралық кеңістік болады. Ішкі мембранадан тарақтың тісі тәрізді есіңділер тарайды. Оларды кристалар деп атайды.

Кристалдардың ара қашықтықтары 10-20 нм (11-сурет). Кристалдардың саны клеткаларда бірдей болмайды. Митохондриялар кепшілігінің кристалдары көлденең орналасады. Сүтқоректілердің орталық нерв системасы нейрондарында кристалдар ұзындығына параллель жатады. Кейде бір мито-хондрияның өзінде кристалдар түрліше орналасуы мүмкін. Кристалдардың формасы да түрліше болады. Парамеция-ларда, кейбір өсімдіктер мен жануарлар клеткаларында кристалдардың формасы түтік тәрізді болса, кейбір насе-комдар бұлшық етінің клеткасында тор тәрізді болады. Кристалдардың бір формасы екінші бір түрлі формасына ауысуы мүмкін, кейде мүлде жойылып та кетеді. Мысалы ашытқылар анаэробты жағдайда дамыса кристалдар толық редукцияға ұшырайды, ал аэробты жағдай қайтадан қалпына келсе кристалдар да қалпына келеді. Кристалдар митохондриялық мембраналар ауданын арттырады.

Кристалардың саны мен жетілу дәрежесі ұлпаның функциялық активтігіне тәуелді. Өсімдік клеткаларының ми-тохондриялардың кристалары аз болады, ал өсімдіктердің секрет бөлінуші клеткаларында кристалдардың саны жануарлардың осы сияқты клеткаларының митохондрияларын-дағы кристалар санынан кем болмайды. Митохондриялар-дағы кристалдардың саны клетканың энергия кажетінің керінісі. Энергияны көп керек ететін клеткаларда (мысалы, бұлшық ет клеткаларында) митохондриялардың кристалдарының саны, энергияны аз қажет ететін клеткаларға карағанда көп болады. Митохондриялардың өз қуысында митохондрия матриксі деп аталатын сүйық зат болады. Кейде матриксте электронды өткізбейтін шар немесе жүмыртқа тәрізді гранулалар болады. Бүл гранулаларда Са, М§ сияқты катиондар болады. Бұлардың болуы митохондриялардың катиондарды жинай алатындығының куәсі. Осы катиондардың кейбіреуі митохондриялық ферметтер қызметі үшін қажет.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий