0 комментариев

Лизасома дегеніміз не ? Оны ең алғаш кім ашқан ? Лизасоманың құрылысы қандай ? Оның химиялық құрамы қандай ?  Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Лизосомаларды 1955 жылы швед биохимигі Де Дюв дифференциалдық центрифугалау әдісінің көмегімен ашқан. Лизосомалар бір клеткалы және көп клеткалы жануарлар организмдерінің клеткалары мен өсімдіктер клеткаларына тән. Лизосомалар полиморфты құрылымдар, олардың құрылысын электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Лизосомалардың тығыз денешік, қалдық денешік, миелиндік денешік, мультивезикулалық денешік, цитосомалар, цитосегресомалар т. б. көптеген атаулары бар. Бір клеткада лизосомалардың саны бірнеше жүзге жетеді. Лизосомалар үлкеңдігі 100 нм-дей бір қабатты мембранамен қоршалған гидролазаларға толы жұмыр қапшықтар.

Бір лизосоманың өзіне гидролазалардың кептеген саны болады. Соңғы мәліметтер бойынша, 60-тан астам түрі анықталды. Гидролазалар — түрлі биополимерлерді ыдырататын ерекше катализаторлар (протеиназалар, нуклеаза-лар, глюкозидазалар, фосфатазалар, липазалар). Олардың әрқайсысы химиялық байланыстың белгілі бір типін ғана ыдыратады. Ферменттер гранулалық тордың рибосомаларында синтезделеді, ал лизосомалардың өздерінің қалыптасу процесі Гольджи аппаратында жүреді. Лизосома — клеткаға түскен заттардың қортылатын орны.

Лизосомалардың төрт түрін ажыратады: алғашқы лизо-сомалар, екінші лизосомалар (фаголизосомалар немесе ге-терофагосомалар); аутофагосомалар және қалдық денешіктер (телолизосомалар). Алғашқы лизосомалар құрамында қышқыл фосфатаза бар затқа толы, үлкендігі 50 нм шамасындағы ұсақ мембраналық көпіршіктер. Алғашқы лизосомалар фагоцитоздық немесе пиноцитоздық вакуольдермен қосылып, екінші лизосомаларды құрайды. Екінші лизосоманың құрамына түскен заттар гидролазалармен мономерлерге дейін ыдырайды, кейін лизосоманың мембранасы арқылы тасымалданып гиалопазмаға барып, түрлі синтездік және алмасу процестеріне қатысады. Лизосомалар ішіндегі биогендік макромолекулалардың қорытылуы көптеген клеткаларда ақырына дейін жүрмеуі мүмкін. Бүл жағдайда лизосоманың қуысында қортылмаған өнімдер жиылып екінші лизосомалар телолизосомаларға немесе қалдық денешіктерге айналады. Телолизосомаларда гидролиздеуші ферменттер аз болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий