0 комментариев

Рибасомалар туралы ақпараттың барлығын  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Электрондық микроскоптың көмегімен ашылған органоидтардың бірі рибосомалар — тығыз бөлшектер, Паладтың гранулалары деп те аталады.

Рибосомалар — прокариоттар мен эукариоттардың клеткаларында болатын диаметрі 15-25 нм ете ұсақ жұмыр бөлшектер. Эукариоттар клеткаларында рибосомалардың екі популяциясы байқалады: гранулалық эндоплазмалық тордың мембраналарының бетіне бекіген, цитоплазмада немесе митохондриялар мен хлоропласт сияқты органоидтарының матриксінде бос орналасқан.

Рибосомалар бөлшектерінің үлкендігін ультрацентрифугада бөлшектер шөгуінің жылдамдығын сипаттайтын седиментация константысының (8 — Сведберг бірлігі) көмегімен белгілейді. Бөлшектер неғұрлым салмақты болса, соғұрлым тез шөгеді.

Ультрацентрифуганы түңғыш рет ойлап шығарған және ультрацентрафугалаудың ғылыми негізін қалаған швед ғалымы Сведберг. Молекулалық массасы алты миллион “түтас” рибосомаларды 100 рибосомалар деп атайды (Сведбергтің 100 бірліктері). Прокариоттар рибосомалары-ның седиментация коэффициенті 70 8 эукариоттардікі 80 8, митохондриялар рибосомаларының седиментация коэф-фициенті рибосомалардың 70 8 класына жатады. Хлороп-ластардікі 67-70 8 тең.

Рибосомалар үлкендігі әр түрлі екі құрылымдық субірліктен құралған — үлкен және кіші. Рибосомалардың суббірліктері РНҚ мен белоктан тұрады. Үлкен суббірлігі эндоплазмалық тордың липопротеидтік мембранасына рибосомалардың бекуіне катысады. Рибосомаларда белоктар синтезделеді. Батериялардан сүтқоректілерге дейінгі организмдердің бәрінің рибосомалары үлкендігі, кұрылысы және химиялық құрамы жағынан ұқсас. Белок пен РНҚ-ның бірдей мөлшерінен тұрады. Рибосомаларда липидтер болмайды.

Белоктарды жедел синтездейтін клеткаларда рибосомалар көп болады. Сол сияқты клеткалардың өсу дәуірінде де цитоплазмада, эндоплазмалық тордың мембраналарына бекімеген, көптеген бос рибосомалар байқалады. Ересек және кәрі клеткаларда рибосомалар болмайды. Көптеген клеткаларда РНҚ-ның молекулалары бос рибосомаларды біріктіріп полирибосомалар немесе полисомалар деп аталатын кішкене топтар құрайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий