0 комментариев

Жердің геологиялық жасы қалай есептеледі ? Осы жасқа сай қандай дәделдер бар ? Геохронология сөзінің мағынасы қандай ? Эра дегеніміз не ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

 Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап есептеледі. Егер Жердің жасы шамамен 5 млрд. жылға жуық деп есептелінетін болса, жер қыртысының қалыптасуынан кеткен уақыт 2,5-3,5 млрд. жыл шамасында.

Оған жер қыртысынан табылған ежелгі геологиялық жыныстардың жасы дәлел болады. Геологиялық жыл санау геохронологиялық кесте арқылы жүргізіледі. Грек тілінен аударғанда гео – жер, хронология – жыл санау деген мағынаны білдіреді.

Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады. Жердің даму тарихы бес эраға жіктеледі. Әр эра неғұрлым қысқа аралық уақыттарына – дәуірлерге бөлінеді.

Дәуірлердің аттары көбінесе сол кезеңге сәйкес келетін тау жыныстары табылған жерлердің атымен аталады. Мысалы кембрий, пермь, юра. Геохронологиялық кестеде Жер тарихындағы басты оқиғалар – тау жасалу кезеңдері, климаттық өзгерістер, тіршіліктің дамуы және т.б. көрсетіледі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий