0 комментариев

Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасы несие бойынша төмен 7 пайыздық мөлшерлемесімен (ЖТСМ – 7,2%) ерекшеленетін ипотекалық бағдарлама. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20% және одан жоғары мөлшерінде белгіленеді (Нұр-Сұлтан, Алматы (шекаралас аймақтарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 млн теңге, Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңге және басқа өңірлер үшін 15 млн теңге), қарыздың өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұлғайтылды. Қарыз алушыдан қарызды беру және қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды.

Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады.

Қолданыстағы ипотекалық несие өнімдерінің ешқайсысы мұндай артықшылықтарға ие болған емес.
Жеке тұлға «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

Қазақстан Республикасының азаматтығы
Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы
Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы
Ипотекалық кредиттерінің болмауы

Изменен статус публикации
Добавить комментарий