0 комментариев

Үшбұрыштап қосылған үш фазалық тізбекті қалай есептейді ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Генераторды үшбұрыштап қосу үшін әрбір фазаның бастапқы ұшын оның соңғы ұшымен біріктіру керек (2.1 – сурет). Симметриялық генераторды жүктемесіз осылай қосқан жағдайда оның ішінде ток болмайды, себебі симметриялық жүйені құрайтын оның э.қ.к.-нің қосындысы нөлге тең болады.

Жүктемелерді (қабылдағышты) үш бұрыштап қосамыз (2.2 – сурет). Сонда генератордың және жүктемелердің фазалық кернеулері екінші жағынан желілік кернеулер болып саналады, ал İ А, İ В, İ С  фазалық токтарының İ АВ, İ ВС, İ СА – желілік токтардан айырмашылығы бар екендігі байқалады. Демек, желілік және фазалық токтар арасындағы симметриялық қатынастарды алу үшін олардың оң бағыттарын таңдап алуымыз керек. Желілік токтар үшін оң бағыт үшін көбінесе генератордан қабылдағышқа дейінгі бағыт алынады, ал генератордағы фазалық токтың бағыты контурды сағат тілінің айналу бағытына қарсы болады.

Үшбұрыштап қосылған қабылдағыштағы фазалық токтың оң бағыты А’ – тан В’ –қа дейін, В’-тан С’- қа дейін және С’-тан А’-қа дейін алынады

(2.2-сурет).

А’ нүктесі үшін Кирхгофтың бірінші заңын қолдансақ (2.2-сурет), онда мынаны жазамыз:

İ А+ İ СА= İ АВ  немесе İ А= İ АВ– İ СА . (2.1)

В’ және С’ нүктелері үшін де осыған ұқсас теңдеулер жазамыз:

İ В= İ ВС – İ АВ  ;

İ С= İ СА – İ ВС ;(2.2)

Жүктемелердің фазалық токтарын Ом заңы бойынша анықтаймыз:

İ АВ= Ů АВ / ZAB  ;

İ ВС= Ů ВC / ZBC  ;

İ СА= Ů СA / ZCA  ;   (2.3)

Симметриялық қабылдағыштар үшін:

ZAB=ZBC =ZCA =1/Y =Zф=zфejφ           (2.4)

Және барлық фазалары токтардың Іф – әсерлік мәні және э.қ.к.-мен немесе фазалық кернеулермен салыстырғанда φ-фаза ығысуы бірдей болады.

Симметриялық жүйеде желілік кернеулер Ů АВ; Ů ВC = Ů АВ e-j2π/3 ; Ů СA= Ů АВej2π/3 екенін ескеріп және (2.3), (2.4) теңдеулерін пайдаланып, фазалық токтарды былай да жаза аламыз:

İ АВ= Ů АВY ;

İ ВС= Ů ВCY = Ů АВY e-j2π/3 ;

İ СА= Ů СAY = Ů АВY ej2π/3 ;  (2.5)

Кернеулер мен токтардың векторлық диаграммалары 2.3, а-суретінде көрсетілген.

Іргелес фазалардың фазалық токтарының векторларымен тиісті желілік тогының векторы бұрыштары 300, 300 және 120болатын тең бүйірлі үшбұрышты түзеді (құрайды). Демек, Іж/2 =ІФcos300 деп жазуға болады, ендеше

Іж= 2ІФcos300 = 2Iф√3/2 = √3 Іф ,    (2.6)

яғни желілік ток, фазалық токтан √3 есе артық. Сонымен қатар әрбір желілік ток фазасы бойынша, оған тиісті фазалық токтан 300-бұрышқа қалып отырады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий