0 комментариев

Гамета дегеніміз не ? Грек тілінен аударғанда ол қандай мағына білдіреді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Гамета (грекше gamete əйел, зайып, gametes ер, күйеу) ол жыныс клеткасы. Аталық жыныс клеткасы сперматозоид, аналық жыныс клеткасы жұмыртқа. Изогамия дегеніміз ол аналық жəне аталық гаметалардың морфология жағынан бірдей болуы. Бірақ олардың биохимиялық жəне физиологиялық қасиеті əр түрлі болады. Изогамия бір клеткалы балдырларда жəне қарапайымдылар типінде кездеседі.

Көп клеткалы жануарларда аналық жəне аталық гаметалар морфология жағынан əр түрлі болады. Оны гетерогамия деп атаймыз. Көбінесе жануарлардың сперматозоидында талшық тəрізді құйрықшасы болады. Оларды талшықты деп атаймыз.

Талшықсыз түрлері кейбір құрттарда, шаянтəрізділерде, кенелерде кездеседі. Мысалы жылқы аскаридасының сперматозоидының пішіні конус тəрізді болады. Өзен шаянының сперматозоиды жұлдыз тəрізді болады. Сперматозоидтың ортасында ядро орналасады. Ядроның үстіңгі жағында акросом томпайып көрініп тұрады.

Жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың дамуын гаметогенез немесе прогенез деп атайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий