0 комментариев

Мейоз дегеніміз не ? Мейоз грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Мейоз (грекше meiosis- азаю) митоздың ерекше формасы. Бөлінудің бұл ерекше түрі жыныстық жолмен көбейетін эукариоттарға тән. Ұрықтану кезінде гаметалардың ядролары міндетті түрде қосылады, соның нәтижесінде зиготада ДНК мен хромосомалардың саны екі есе көбейеді. Сондықтан жыныс клеткалары түзілген кезде хромосомалардың санын кемітетін механизм болуы керек. Бұл мейоз процесі кезінде пісіп- жетілуші жыныс клеткаларының арнаулы бөлінуі кезінде, редукциялық бөлінуде қамтамасыз етіледі.

Осының нәтижесінде клеткадағы хромосомалардың саны екі есе кемиді. Бұл процесс ДНК санының бір рет қана екі еселенумен жүретін ядроның екі бөлінуінен тұрады. Митоз кезінде хромосомалар санының редукциялануынан басқа, бөлінудің бұл типін митоздан ажырататын көптеген процестер жүреді. Оның бірі гендік материалдың рекомбинациясы, гомолокты хромосомалардың өзара участіктермен алмасу (кроссинговер). Сонымен бірге мейозға бірінші бөлініудің профазасында транскрипцияның актифтенуі тән және бірінші мен екінші бөлініудің арасында S -фаза болмайды.

Мейоз I және II деп белгілінетін екі клеткалық бөлінулермен қамтамасыз етіледі Бұлардың нәтижесінде әрқайсысында хромосомалардың гаплоидтың жинағы бар төрт клетка пайда болады. Жыныстардың екеуінде де ақырғы өнімдерін есептемегенде мейоз негізінде ұқсас жүреді. Мейоз митоз сияқты бірнеше кезеңдерден тұрады. Профаза, мейозда баяу жүреді, сондықтан көп уақытқа созылады. Бірінші (I) мейоздық бөлініудің профазасы бес кезеңнен тұрады. Лептонема- жіңішке жіптер кезеңі, зигонема- бірігуші жіптер кезеңі, пахинема- жуан жіптер кезеңі, диплонема- қос жіптер кезеңі , диакинез – оқшауланған қос жіптер кезеңі.

Дифференциация проблемасы цитологиядағы маңызды және күрделі проблемалардың бірі. Тұтас организмде клеткалардың белгілі түрлері нақтылы қызмет атқаруға бейімделген. Организімнің онтогенетикалық және филогенетикалық дамуы кезінде әр түрлі клеткалар типтерінің белгілі бағытта мамандалуы жүреді. Жеке дамудың барысында біртекті клеткалардан құрылысы мен қызметі жағынан ажырайтын түрлі клеткалардың пайда болуын дифференциация процесі деп атайды.

Клеткалардың дифференциациялануы (мамандануы) организм тіршілігінде үздіксіз жүреді. Бірақ та бұл процестің жоғары дәрежедегі жеделділігі эмбриондық дәуірде байқалады. Организмдердің көпшілігі бір клеткадан ұрықтанған жұмыртқадан дамиды. Бұл клетка тез бөлініп бластуланы құрайды, оның құрамында келешек ұлпалар мен органдар байқалмайды. Осы кезге дейін түрлердің көпшілігінде сандық қаны өзгерістер жүреді. Бластуланы құраушы клеткалар топтанып ажырауымен гаструлалану жүреді, үш ұрықтық жапырақша пайда болады және келешек органдар детерминацияланады.

Осы кезден бастап әр түрлі ұлпалар қалыптасып (гистогенез) және ұлпалардан кейін органдар түзіліп (органогенез) клеткалық дифференциация басталады. Дифференциациялану барысында клеткалардың онан әрі даму жолдары мүмкіншілігінің шектелуі айқын көрінеді. Дифференцировка үш факторлардың өзара әрекеттесуіне байланысты- ядроның, цитоплазманың және қоршаған ортаның.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий