0 комментариев

Галактикалық жазықтық дегеніміз не ? Галактика экваторы қанша градусқа тең ? Құсжолының өзінде жұлдыздар қалай орналасқан ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бүкіл Құсжолының ортасынан өтетін үлкен дөңгелекті галактика экваторы, ал оның жазықтығын түзушіні галактикалық жазықтық деп атайды. Галактика экваторынан 90 градусқа тең қашықтықтағы аспан нүктелері галактикалық полюстер деген атқа ие болды.

Солтүстік галактикалық полюс Арыстан мен Сиыршы шоқжұлдыздарының аралығындағы көмескі жұлдыздардан тұратын Вероника Шашы шоқжұлдызында, ал Оңтүстік галактикалық полюс Кит шоқжұлдызына оңтүстіктен келіп қосылатын, көмескі жұлдыздардан тұратын Мүсінші шоқжұлдызында.

Құсжолының өзінде де жұлдыздар біркелкі орналаспаған. Дүрбімен қараған кезде-ақ Жетекші және Персей шоқжұлдыздары тұтастарында Құсжолы аса жарық емес және оның көмескі жұлдыздар едәуір көбейіп, олар байқалатындай қойыла түседі.

Мерген шоқжұлдызы тұсында Құсжолы мейлінше жарық және жұлдыздардың тығыздығы сондай, көпшілігі дараланып, көрінбей, ғаламат жұлдыз бұлтын түзеді. Сарышаян шоқжұлдызы шекарасында орналасқан оның ірісі осылай: Мергендегі үлкен жұлдыз бұлты.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий