0 комментариев

Сәбидің дүниеге келгеннен кейінгі даму процессесінің бірі бұл алғашқы тістерінің шығуы. Алғашқы тістерінің пайда болуының алғашқы белгілері қандай ? Егер тісі шықпаған жағдайда не істеу керек ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сәбидің тісі жалпы, шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. мысалы кей баланың тісі 2 айында шықса, басқа баланікі 9-10 айында шығады.  Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. Бұл әрине алаңдататын жағдай. Тістің кеш шығуы, бұл жай ғана кешіккен болады немесе кейбір аурулардың салдарынан болады.

Егер тіс ешқандай аурусыз кешіккен болса, қауіп жоқ. Мұндай қасиет тістің ешқандай аурусыз, себепсіз кешігіп шығуы тұқым қуалайды.

Шала туылған немесе түрлі науқастармен туылған баланың алғашқы тістері де кешірек шығады. Тек тісі емес, денесі де кеш өсіп жетіледі.

Бала тісінің шығуы кешіккенде тіс дәрігеріне барып, рентген сәулесі арқылы тексертуге болмайды. Себебі рентген сәулесі денсаулығы толық бекімеген сәбиге өте зиян. Егер баланың жасы 1,5 толып шықпаса онда дәрігерге қарату керек. Уақыт өткізіп алуға болмайды.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий