Алюминий ашудастары дегеніміз не ? Оның физикалық қасиеті қандай ? Ол тағы басқа қандай мақсатта қолданылады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
Алюминий ашудастары – күкірт қышқыл алюминий мен бір валентті сілтілік металдар қос тұздарының кристаллогидраттары.
Алюминий ашудастары – түссіз кристалды зат, суық суда нашар, ыстық суда өте жақсы ериді; ерітіндіде құрамындағы барлық иондарға диссоцияланады.
Алюминий ашудастары боксит не сазға ыстық күкірт қышқылын құйып, ол ерітіндіге сульфат қосу арқылы алынады.
Мата бояуда басытқы есебінде, тері илеуде, медицинада т.б. қолданылады.