0 комментариев

Алюминотермия дегеніміз не ? Грек тілінен аударғанда қандай мағына береді ?  Бұл процесс қалай жүреді ? Қанша градус температура да жүргізіледі ? Бұл процесті алғаш ашқан ғалым ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Алюминотермия (алюминий және грек. therme – жылу) – металл тотықтарын алюминиймен тотықсыздандырып, таза металл және қорытпа алу үшін қолданылатын процесс. Ұнтақ материалдардан тұратын шихта қорыту пешіне немесе тигельге салып жандырылады. Егер тотықсыздандыру кезінде өте көп жылу бөлінсе, алюминотермия процесін пеште жүргізудің қажеті болмайды.

Бұл процеске қосымша сырттан жылу берсе де, температурасы 1900-2400°С-қа жетеді, процесс өте жоғар жылдамдықта жүреді, металл иен шлак тез ажырайды. Алюминотермия процесі кезінде жылу аз бөлінетін болса, онда шихта бетіне алюминий ұнтағы мен барий не кальций тотығынан дайындалған тез тұтанатын қоспа жағылады, немесе шихта электр доғалы пеште балқытылады.

Алюминотермия аз көміртекті легирлеуіш қорытпаны, қиын тотықсызданатын металдарды, яғни титанды, ниобийді, цирконийді, борды, хромды, кальцийді, марганецті, барийді вольфрамды алуға және құйма болаттан жасалған деталь мен рельсті пісіруге қолданылады. Алюминотермияны 1859 ж. орыс ғалымы Н.Н. Бекетов ашты. Ал пешсіз жүретін алюминотермия процесін 1898 ж. неміс химигі Г. Гольдшмидт өндірісте қолданды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий