0 комментариев

Алюминий тотығы туралы толық мәліметті kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Алюминий тотығы, глинозем,- алюминийдің оттекпен қосылысы, түссіз кристалды зат, тығыздығы 3960 , балқу t 2050°С. Табиғатта корунд, рубин (лағыл), сапфир (көк лағыл) деп аталатын минерал түрінде кездеседі. Корунд қаттылығы жағынан алмастан кейін екінші орын алады, оны қайрақ тас ретінде пайдаланады.

Рубин мен сапфир асыл тастар қатарына жатады. Олар дәл аспаптар механизміне сағат тасы ретінде т.б. қолданылады. Алюминий тотығының гидратталған түрі белгілі. Алюминийдің гидрототығына көптеген бокситтердің құрамына жататын гидраргиллит және жасанды түрде алынатын байерит жатады.

Алюминий тотығы және оның гидратталған түрлері суда ерімейді, ол амфотерлі сілтілер және қышқылдармен әрекеттеседі. Алюминий тотығын алу үшін боксит, нефелин, каолин сияқты табиғи заттар пайдаланылады. Оны алюминий алуға, катализатор және адсорбент ретінде қолданылады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий