0 комментариев

Тұрмысқа қажетті химиялық препараттар және товарлар дегеніміз не ? Олар қандай мақсатта қолданылады  ?  Бұл заттардың құрамына не кіреді ? Химиялық препаратты қалай сақтап, оны қалай дұрыс қолдануға болады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Тұрмысқа қажетті химиялық препараттар және товарлар дегеніміз белгілі бір мақсатқа арнайы қолданылатын күрделі химиялық қосылыстар. Олардың құрамына еріткіш не қатайтқыш ретінде енетін жекеленген қосымша заттар өндірісте арнаулы ыдыста, бума, түйіншек түрінде шыққан кезде препарат деп аталады. Демек, тұрмысқа қолданылатын химиялық препарат дегеніміз арнаулы аты, қалай және қай жерде қолдануға болатындығы көрсетілетін мәліметі бар, ыдысқа целлофан қалтаға немесе қорапқа салынып сатуға дайын заттар. Ал, енді заводтан түйіншек не бума немесе жәшікке салынып сауда орындарына жөнелтілген кезде бұл заттарымыз химиялық товарға айналады. Олай болса сауда орындарындағы химиялық товарлар кәдімгі өзіміз айтып жүрген химиялық препараттың екенші атауы екен.

Біздің елімізде әлемнің басқа да елдеріндегідей қолданылу сипатына қарай, тұрмысқа қажетті химиялық товарларды былайша топтастырады, яғни классификациялайды: жуғыш заттар, тазартушы, дезинфекциялаушы заттар, мебель мен еденді сүртуге, зиянды жәндіктермен өсімдіктерді жоюға арналған препараттар, ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, түрлі боялармен лактар және басқалар. Бұлардың бәрін тізіп жатпай осындай түрліше мақсатқа қолданылатын химиялық товарлардың он алты топқа бөлінетінін айтсақ та жеткілікті. Әрине, бұл товарлар өздерінің химиялық құрылымы жағынан да әртүрлі. Демек, олар адамға және айналасындағы ортаға тигізетін әсеріне орай топтастырылады.

Айналамыздағы заттар қатты (тас,темір, ұн), сұйық (су,май,сүт) және газ сияқты үш күйде болатыны сияқты тұрмыста қолданылатын химиялық заттарда үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық, газ)шығарылады. Олардың, бірінші, яғни қатты зат күйіндегілері таблетка,(тығыздалған), жеке түйіршіктер және ұнтақ түрінде шығарылады. Бұлардың арасында ұнтақты препараттардың тозаңдану, жұтқыншақты тітіркендіретін жағымсыз кемшіліктері бар. Ал қаоған екі түрінің мұндай қолайсыздығы жоқ және оларды жеңіл бөліп, оңай реттеуге болады. Сондай-ақ қатты препараттар паста түрінде де шығарылады.

Сонымен елімізде өндірілетін химиялық товарлардың бәрі де алдын ала токсикологиялық (уландырғыштық), гигиеналық (тазалық) және медициналық зерттеуден өтеді. Сонан соң оған денсаулық сақтау министрлігі рұқсат етеді. Олай болса, тек осы ережелерді оқып, біліп қана қоймай, бұлжытпай орындау қажет.

Медициналық деректерге жүгінсек, химиялық препаратты адам денсаулығына тигізетін зиянды әсеріне қарай төрт топқа бөледі: а)қауіпсіз және зиянсыз препараттар. Мұндай препараттар қорабының сыртына ешбір ескертпелер жазылмайды. Оларға синтетикалық жуғыш ұнтақтар, көгілдір түс беруші, крахмалдаушы, және тазалаушы заттар, минералды тыңайтқыштар және түрлі мектепке арналған товарлар жатады; б)шамалы ғана қауіпсіз препараттар. Олардың сыртында мынадай ескерту: «Көзге тигізбе», «Денеге тимесін», «Оттан аулақ ұста» т.б. жазылуы мүмкін. Оларға ағартушы, дезинфекциялаушы және репелентті заттар жатады (репелент-көбіктендіргіш), в)үшінші топқа өрт қауіпі бар заттар жатады.

Ал енді тұрмыста жиі қолданылатын химиялық препараттарды қалайша дұрыс сақтап, қолдану керектігіне, осыған байланысты ережелер мен ескертулерге тоқталып өтейік. Барлық препараттарды өзінің тиісті қолданатын жеріне ғана пайдалану керек.

Химиялық препараттары бар ыдысты еңкейтуге, оны иіскеуге, болмайды, қайнап жатқан сұйық бетіне не оларға басқа заттарды қосқанда жақындауға тиым салынады, қаныққан, яғни күшті күкірт қышқылын сұйылтқан кезде қышқылды суға өте жай, ақырын құю керек, себебі күкірт қышқылы суда ерігенде көп жылу бөлінеді. Аса ыстық не қайнап жатқан сұйықты қабырғасы қалың шыны ыдысқа бірден лақ еткізіп құя салуға болмайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий