0 комментариев

Химиялық реакциялар туралы күрделі ұғым жүйесіне не жатады ? Қандай құрылыс арқылы заттардың жүру механизмі түсіндіріледі ?  Химиялық реакция ұғымының жіктелуі қалай жүзеге асады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Химиялық реакциялар туралы күрделі ұғым жүйесіне кіретіндер: заттардың реакцияға түсу бейімділігі, реакцияның басталу және жүру жағдайлары, реакцияның сыртқы белгілері, реакцияның жылдамдығы, реакцияның мәні және жүру механизмі, реакцияның жүру заңдылықтары, химиялық реакциялардың сандық көрсеткіштері, химиялық реакциялардың зертханада және өндірісте пайдаланылуы, реакцияның энергетикалық эффектісі.

Химиялық реакциялардың басталуы мен жүруі реакцияласушы жүйенің күйіне, ондағы заттардың құрылысына байланысты. Заттың құрылысы арқылы реакцияның мәні мен жүру механизмі түсіндіріледі.

Химиялық реакциялардың жүру жылдамдығы заттардың табиғатына, әрекеттесуші заттардың қанықпасына, температураға тәуелділігін көрсететін заңдылықтар тұрғысынан оқылады.

Химиялық реакциялардың сандық көрсеткіштері құрам тұрақтылық заңы, масса сақталу заңы, көлем қатынас заңы, Авогадро заңы және реакциялардың жылу эффектісімен сипатталады. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы жеке ұғымдарға жіктеледі.

Химиялық реакция ұғымының жіктелуі

Химиялық реакциялардың жіктелуі айтылып өткен ұғымдардың бәріне негізделеді.

Реакцияның әр типінің бірнеше түрлері болуы ықтимал, мысалы алмасу реакциялары бейтараптану, гидролиз болып жіктеледі.

Химиялық реакциялардың жіктелуі

Жіктеу негізі Реакцияның типі
1.Бастапқы және реакциядан шыққан заттардың саны2.Жылу эффектісі

3.Реакцияның бағыты

4.Катализатор қатысуы

5.Элемент атомдарының тотығу дәрежесінің өзгеруі

6.Әрекеттесуші жүйенің бастапқы күйі

7.Заттың сапалық құрамы өзгермеуі

8.Реакцияның механизмі

Қосылу, орынбасу, айырылу, алмасу 

Экзотермиялық және эндотермиялық

Қайтымды және қайтымсыз

Катализдік және бейкатализдік

Тотығу-тотықсыздану

Алмасу

Гомогенді және гетерогенді

 

Аллотропия және изомерлену

Иондық және радикалдық

Изменен статус публикации
Добавить комментарий