0 комментариев

Қай жылы көрінбейтін тозаңның сақинасы ашылды ? Қай жылы уаранның оныншы сақинасы ашылды? Ғаламшардың  ең жақын радиусы қанша ? Уранда сақина бар екенін кім алғаш болжаған ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

1977 жылдың наурызында және 1978 жылдың сәуірінде Уранның көмескі жұлдыздармен тоғысуы кезінде фотоэлектрлік әдіспен телескоп арқылы көрінбейтін тоғыз қарайған тозаңды сақинасы ашылды. 1986 жылғы қаңтардың 24-нде «Вояджер — 2» автоматты станциясы Уран бетінен 81 000 км қашықтықтан ұшып өтіп оның оныншы сақинасын ашты. Сақиналардың бәрі өте жіңішке, ені 2-ден 5 км-ге дейін, тек біреуінің ені 70 км-ге жақын, ал олардың қалыңдықтары 1 км-ден аспайды. Сақиналар өлшемі 1 метрдей тозаң мен қатты бөлшектерден тұрады.

Сақиналар аралығы жалпақ және ғаламшар төңірегінде оның экваторы жазықтығы бойымен айналады. Ғаламшарға ең жақын, радиусы 42 000 км сақинасы 6 сағ 37 мин, ал ең шеткі радиусы 51 400 км сақинасы 8 сағ 26 мин периодпен айналып шығады. Уранда сақина бар екенін де С.Всехсвятский болжаған болатын.

Сол автоматты станциялар Уранда Жердікінен 1,2 есе бәсең және ғаламшардан оның 18 радиусындай қашықтыққа жайылып жатқан магнит өрісін ашты. Магнит өрісінің осі ғаламшардың айналу осіне шамамен 60 градусқа көлбеген. Уранның радиациялық белдеуі де бар. Ғаламшар атмосферасының тереңінен метан бұлты табылды.

Жақын араға дейін ғаламшардың айналу бағыты мен, экватор жазықтығына жақын, шеңбер орбитасымен айналатын бес серігі белгілі болатын. Ең алыс және үлкендігі жағынан екінші болып саналатын  IV  серік Оберон ғаламшардан — 583,4 мың км орташа қашықтықта 13к12,2 сағ, ал олардың ішіндегі ең кішісі, неғұрлым жақын саналатын IV серік Миранда — 129,900 км орташа қашықтықта, 1 күн  11,0 сағ айналып шығады.

Бірақ 1986 жылдың қаңтарында «Вояджер- 2» 40-тан 170 км-ге дейін тағы 10 серік ашты. Оның үстіне олардың бәрі де Уран төңірегінде Миранда орбитасының ішкі жағында, ғаламшар экваторы жазықтығы бойына жақын тұста айналады. Сөйтіп енді Уранның белгілі серіктерінің саны 15-ке жетті. Ғаламшарға ең жақын XIII серік Корделия оның төңірегінде 49 800 км орташа қашықтықта 8 күн 19 мин периодпен  бір айналып шығады.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий