0 комментариев

Уран өзінің физикалық құрылысы жағынан қай планетаға ұқсайды ?Оның молекуласының құрамы қандай? Ураның радиусы мен массасы қанша ? Айналу өсінің көлбеулігі қанша градусқа тең ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Уран өзінің физикалық құрылымы жағынан Нептунмен ұқсас келеді. Әр ғаламшардың көріну беті қоршаған атмосфераның тығыз қабаттары болып табылады. Олар молекулалық сутектен (50 %), гелийден (15%), метаннан (20%) және аммиактан (5%-тен кем емес) тұрады.

Олар қанық кезеңде, яғни оның бір бөлігі сұйық және тіпті кристалл күйде болады. Күн сәулесінің қыздыру жағдайына қарай Уран атмосферасының температурасы 220 C жақын болуы тиіс. Алайда, ғаламшарлардың радио сәулесі бойынша Урандыкі 150 С жақын болып шықты және қабатқа тереңдеген сайын ол жоғарылай береді. Бұл осы қойнауларының ыстықтығын білдіреді.

Уранның радиусы 25 700 км-ге массасы 14,6 Жер массасындай, орташа тығыздығы 1,3 г/см^ 3, ал өз өсінде айналуы 16 сағ 48 мин жақын. Ғаламшар экваторының жазықтығы оның орбитасы жазықтығымен e = 82 бұрышқа көлбеген, бірақ ғаламшар кері бағытта айналады. Сондықтан оның айналу өсінің көлбеулігі 98 градусқа тең саналады. Яғни ғаламшардың полюстері оның периодтық жазықтығынан бар болғаны 8 градусқа алшақ жатыр.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий