0 комментариев

Континентальді рационализм философиясы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жаңа заман философиясында субъект және объект түсінігі қалыптасқан, ол туралы К.Фишер былай деп жазады: «Әлем және «мен» бір-біріне жалпы жекеге сияқты және бірін-бірі жоятын қарама-қарсылық сияқты қарамайды, шартқа серт ретінде, объект субъектке қарау ретінде қарайды».

Мұндай философиялық түсінік негізінде субъект болып тек қана адам қаралмайды. Субъект деп барлық жан негізі ретінде түсіндірілетін, активтер және индивидуалдар атала бастады. Декарт субъект түсінігін бас айналдыратын дәрежеге жеткізді, ал Кант пен Гегель субъект түсінігіне негізделетін, Жаңа заманның екі атақты философиясын құрды. Субъект мөлшер ғана емес, барлық заттар негізіне айналды.

Объект деп адамға тәуелсіз заттар ғана емес, сонымен қатар субъектке активті бастау ретінде қарсы тұратын барлық пассивтер кіреді.

Антикалық философия үшін ең бастысы этика болды, ал орта ғасырлық үшін – теология, жаңа европалық үшін – тану теориясы. Өмірде қалай жүрем деген сұрақ емес, өмірді қалай танимын деген сұрақ жаңа философияның негізгі сұрағына айналды. «Адам деген не?» сұрағын басты орынға қойған Жаңа заманның көптеген философтары, соның ішінде И.Кантта адамға білуші, үйренуші жан ретінде қарады. Мұндай қызығушылықтың қозғалысына Жаңа заман мәдениет саласының ғылымы әкелді, сондықтан философия ғылым туралы айтылған шешімдерге бейімделді.

Рене Декарт (1596-1650), Джон Локк (1632-1704), Готфрид Лейбниц (1646-1716), Давид Юм (1711-1776),  Иммануил Кант (1727-1804) өз бетінше Аристотель сұрағына жауап беріп, ғылымның философиялық негізделуімен айналысты: «…жалғыз заттардан басқа ешнәрсе болмайтын болса, – ал ондай заттар өте көп, – онда қалай барлық заттарды біліп шығамыз? Өйткені біз барлығын шамамыз келгенше ұқсастығы, жалпылығы болғандықтан танимыз». Осындай жалпыламаның негізін жаңа философия ашпақшы болған.

Жаңа европалық философия өкілі Декарт, Сократ секілді, «дін туралы айтылған адам ойларынан» бас тартып, «қазіргі уақытқа дейін білген білімім, мен білмейтін затпен және білуге талпынатын заттармен салыстырғанда ешнәрсе емес» деп жазады.

Философия дұрыс ойлауға қайта келуде. Сократ аспан және құдай жайлы ешнәрсе айтпайтын, өйткені ол туралы ешнәрсе белгілі емес, сол сияқты Декарт: «біздің ойлауымыздан жоғары жатқан шындықты біліп, мен оны өз ойыма айналдырмадым…, оны зерртеу үшін аспан көмегі қажет және адамнан жоғары болу керек дегенді шештім»,-дейді.

Сократ философияны мифология басымдылығынан босатқан секілді, Декарт философияны дін басымдылығынан босаты. Философия мәдениет бөлігі ретінде туындады. Философия абыройы кенет жоғарлады. «Жалғыз философия… бізді варварлар мен жабайылардан бөледі… әр бір халық ондағы философияға байланысты білімді және адамзатты».

Сократ пен Декарт ең бірінші өзінді таны дейді. Бірақ декарт адамы – субъект және барлығының негізі болып келеді. Декарт метафизикасының бірінші қағидасы – «Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүрем». «Барлығы өтірік деп ойлар алдында, мен, ойлаушы ретінде бір нәрсе болуым қажет». Адам өзінің өмір сүріп жүргені туралы, ойлауы бойынша біледі.

Ой ғана емес, ойлаушы адамда жан негізіне айналады.

Декарт – Жаңа заманның рационализмінің негізін қалаушы, Сократ – жалпы тұрмысқа рационалды әдістің философиялық негізін қалаушы, және де Декарт үшін әдіс үлкен мәнге ие болғаны таңқаларлық емес.

Сократ софистар ойы мен қоғам топтарының пікіріне қарсы күрес жүргізді, Декартта қоғаммен қабылданған ойларды кері шығарып Сократ сияқты қарсы күрес жүргізді. Оның күдіктенуі – агностиканы дәлелдеуі емес, алғашқы қадамы. Сыртқы орта бар екені туралы күдіктенсе де болады, яғни мен ойлаймын, ол дегеніміз мен өмір сүрем деген сөз.

Декарт танудың тура критерилері деп нақтылық пен есептік идеясын түсінеді. Аристотель: «Барлық бастаудың ең нақтысы – қателесу мүмкіндігі аздығы немесе әр бір бастау тәуелдіктен бос болуы қажет». Декарт нақтылығы мен есептігі, Аристотельдің мүмкіндігі.

Декарт мынадай тәртіпті қалыптастырады: «мен мүмкін деп танымағанды, нақты деп қабылдамаймын… және мен нақты есеппен түсінбегенді өз ойлауыма салмаймын». Сократ майовтикасына қарағында – Декарт қағидасы – ғылым тану әдісіне негізделеді. Талдау, жайдан күрделіге өту, зерттелудегі заттардың толықтығы барлығы осында. Мысал ретінде математика алынған. Декарт ойы бойынша математикалық білім дәл және қажетілігі мен жалпылығы бар ғылым. Декарт дедукция рольін ерекшелеп, нақты жағдайлар мен дәл логикалық қорытындылардан тұратын тізбекке негізделетін түсінік ретінде түсінеді. Аксиома нақтылығы толық дәлдік пен есептілік арқылы, ой интуициясымен ғана қаралады. Интуициямен және дедукциямен қаруланған ой білімнің барлық облыстарында толық дәлдікке жете алады. Декарт әдісі математикада қолданылатын, барлық заттарды танып білуге негізделеді.

Білімнің күштілігі мен оның көлемі туындаған ойларды танып білу тәуелдігімен анықталады. Дене заттары туралы білім өте аз, оған қарағанда құдай және адам жаны туралы көп жазылған. Бірақ біз ғылым бойынша жоғарғы жетістікке жеткен сайын, сезім органдарын танып білу қажеттілігі күшейе түсуде.

Жаңа заман философиясы субстанция туралы мынадай түсінік қалыптастырды, кейбір заттардың өмір сүруіне өзінен басқа ешнәрсе қажет емес. Сократ заттар қарама-қарсылығын туындатқандай, Декарттың – ой атрибуты болып келетін, жан субстанциясы тартымдылық атрибуты болып келетін дене субстанциясына қарама-қарсы қойғаны ұқсас болып келеді. Декарт субстанциясынан материалдық  және идеалдық қатынастар туралы, және де не бірінші пайда болуы туралы айтыс жүруде. Декарт бойынша түсінік, қабылдау ой субстанциясына жатады, ал денеге көлем және де ұзындыққа, еніне, терендігіне созылуы, фигура, қозғалыс, бөлшектің бөлінуі мен орналасуы және басқа да қасиеттер денеге қарағанда көбіне формаға жақын болып келеді.

Осыдан кейін екі субстанция мәселесі туындады. Бенедикт Спиноза (1632-1677) бұл мәселені қарастыра отырып, ой мен тартымдылық бір субстанцияның екі атрибуты ретінде қарастырылатының айтты. Осыдан құдай табиғаттың барлық денелері мен кеңістіктің барлық нүктелерінде тіршілік етеді деген қортынды туындады. Мұндай түсінік пантеизм деп аталады («пан» – барлығы, «теос» – Құдай). Спиноздың жалғыз мәңгі және аяқталмас субстанциясы – «өз өзінің себебі» және барлық әр алуан заттар – оның туындауы. Спиноздың әлемдік өз себептілігі үнділердің өз өзінің себептілігі деп түсінетін Брахманды еске түсіреді.

Декарт ойы бойынша, жанның дене тәуелдігі адам құштарлығынан байқалады. Декарт «психофизикалық зерттеудің қарапайым заңдылығын» қалыптастырды, бұған сәйкес құштарлық жоғалмайды, күштісі әлсізін ығыстырып шығарады дейді.

Декартқа жақын Б.Спиноза жан қинаушысы аффект, адекватсыз танымдылықтан шығады деп болжамдады. Қажетті және анық ой қармағындағы жан жағдайын «Құдайға деген интеллектуалды махаббат» деп атады. Спиноз ойы бойынша біз ешнәрсеге талпынбаймыз өйткені ол жақсы, ал керсінше бір нәрсеге тартылу мен оны қажет ету оны мейірімді деп санағандықтан болады. «Біз тағдырымыз туралы ешнәрсе білмей, қарама-қарсылықтағы жел қуған теңіз толқандары сияқты әр түрлі себептерге байланысты құштарланамыз және ойлаймыз». Басқа мағынада, бірақ ұқсас сөздермен франсуздың діни философы, жазушы, математик және физик Б.Паскаль (1623-1662) Әлем теңізіндегі оның әлсіздігін ескере отырып, адамды «ойлаушы бұта» деп атады.

Спиноз өзі үшін қажеттілік болып келетін ой еркіндігін жоққа шығарды. Сыртқы міндеттерден басану (Сенека) және ішкі қорқудан босану (Эпикур) еркіндік деп санаған және де орта ғасыр философтарының еркіндік Құдайдың адамға берген байлығы, оның қайтып өмір сүрем деген еркіндігі деп санаған ғалымдардан, Спиноздың еркіндік тұжырымдамасы түп тамырымен антикалық философтар пікірінен өзгешеленді. Спиноз көз қарасы бойынша адам өз бетінше тіршілік етуі емес, объективті заңға жүгіне отырып істеген тірлігі еркіндік.

Неміс философы  Г.Лейбниц (1646-1716) «Адам ойы туралы жаңа тәжірибиелерінде» Декарт пен Спиноздың субстанцияларын пассивтілігі үшін талқылауға салып, субстанцияны активтіліксіз түсіну мүмкін емес, активтілік субстанцияға бейім деген. Лейбниц әлем әр алуандығын түсіндіру үшін динамикалық бастауды іздеп табуға талпынды. Ол әр бір заттың өзіндік күші, үздіксіз қозғалатын ішкі мүмкіндіктері бар деп бекітті. Осы олардың субстанциясы.

Декартқа қарсы тұрып, Лейбниц дененің бір ғана геометриялық қасиетіне жүгіне отырып, оның физикалық мінезін анықтау мүмкін емес деді – қозғалыс, қарама-қарсы тұру, инерция және т.б. Декарттың «тартымдылығын» Лейбниц таза жан тіршілігіндегі қарапайым субстанциясы жасырылған деп, оны монад деп атады. Монадтар бір-біріне әсер етпейді, «оларда әлемге шығу терезелері жоқ», әрбір монад – «тығыздалған әлем». Олардың арасындағы келісім – Құдай қамтамасыз ететін, «берілген гормония» қорытындысы.

Лейбниц «жеткілікті негіз заңымен» Аристотельдің үш заңын толықтырды, ешбір құбылыс анық немесе нақты бола алмайды, көпшілік жағдайда бізге белгілі болмайтын, жеткілікті дәлелсіз – бекітулер нақты болмайды деген тұжырымдамаға сәйкес қарастырамыз.

Декарт, Спиноза және Лейбниц континентальді рационолизм атына ие болған бағытқа бағытталған, өйткені барлық үш философтар европа континентінде өмір сүрген және рационалистар болған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий