0 комментариев

XV-XVII ғасырдағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және шаруашылығы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қазақ хандығының құрылу жүйесі. XV-XVI ғасырларда қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы 7 сатыдан қаланды:

Ауыл – туыстас, қандас адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған қоғамдық ұйым. Ауылдың  басқарушысы- ауылбасы.

Ата-аймақ жеті атадан қосылатын бірнеше ауыл. Басқарушысы – ақсақал.

Ру-10 немесе 15 аймақ. Басқарушысы – рубасы.

Арыс-бірнеше ру.  Басқарушысы – би.

Ұлыс – бірнеше арыс. Билеушісі – сұлтан. Олар хандар мен ақсүйектердің әулетінен болады.

Жүз – бірнеше ұлыс. Билеушісі – хан.

Хандық – үш жүз. Билеушісі -қаған.  Хандар Шыңғыс әулетінен сайланған.

Саяси –  әкімшілік құрылымы

XV ғасырда хандар сайланып қойылатын болған. Хан-азаматтық, әкімшілік, соттық және әскери билікті қолына жинақтаған мемлекет басшысы. Ханның тұрақты әскері болмады. Қажетті жағдайда халық жасағын жинап отырды. Хан көшіп қону орындарын белгіледі,  соғыс жағдайында ғана ханның жарлығынсыз көшу мүмкін болды. Бейбітшілік заманында ханның рұқсатынсыз көшіп қонуға мүмкіндік берілмеді . Ханның жасағы – төлеңгіттер жорыққа шықты малын бақты, үй шаруашылығына көмектесті.

Қазақ хандығының әкімшілік құрылымы ірі ұлыстарға бөлінді. Ұлыс аумағы – жұрт. Ибн Рузбехан Исфахани мәліметі (XVI ғ. басы ). Хандық құрылымы :

Хандық

10 ірі ұлыс (әр ұлыста 10 мың отбасы)

Ру, тайпалар

Ауылдар

Ұлыстарды басқарушылар – сұлтандар. Қалаларды басқарушылар – уәзір, уәкіл, хакім, даруға, мұстауфилер.

Хан кеңесінің құрамы сұлтандар мен ру- тайпа көсемдері. Жылына бір рет үш жүздің өкілдерінен құралған Құрылтай шақырылып, әскери елшілік жер дауы шешілді. Мемлекетті басқаруда әдет ғұрып ережелері және мұсылмандық шарттар негізге алынды. Қазақ хандығында феодалдық қатынастың дамуы сот жүйесін нығайтуды қажет етті. Билер әкімшілік билік пен сот билігін қолдарына алды.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий