0 комментариев

XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қазақ қоғамының тапқа бөлінуіне мүліктік жағдай ғана емес, әлеуметтік тегі негіз болды.

Ақсүйектер Шыңғыс ұрпақтары хандар, сұлтандар, төрелер. Шыңғыс ұрпағы қазақтың рулық шежіресіне енбейді, қоғамның билік етуші тобы болып есептеледі. Сұлтан – ұлыс билеушісі, хан болып сайлануға құқылы болды және хан үшін міндеткерліктен атқарудан босатылды.

Асыл сүйектер- мұсылман дін басылар, Қожа рулары.

Қара сүйектер- билер, байлар, батырлар. Билер-ру және тайпаны басқарушы, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар.

Батырлар – қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, әскери кәсіппен айналысушылар.

Қарапайым халық райаттар – үстем тап өкілдеріне алым-салықтар төлеуге және міндеткерліктер өтеуге міндетті.

Алым-салық түрлері:

Соғым, сыбаға, ерулік, зекет т.б – малшылардан алынды.

Ұшыр, тағар, баж, хараж т.б – егіншілер мен қолөнершілерден алында.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий