0 комментариев

XV-XVII ғасырдағы Қазақ хандығының шаруашылығы туралы тың ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

XV- XVII ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың үш саласы анық байқалады:

  1. Көшпелі
  2. Жартылай көшпелі
  3.  Отырықшы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     Малдың негізгі түлігі – қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызады.  Маусымды жайылым төрт кезеңге бөлінді:

Көктеу – көктемгі қош малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді. Жас төлдердің жағдайына байланысты, күніне 8-10 шақырымнан аспай көшу қозы көш деп аталады. Түнге қарай төлдерді көгенде ұстаған :40-50 қозы мен лақты байлау. Жайлауға көшерде ауыр жүктерді көмбеге жасырып кететін болған.

Жайлау  жазғы көш, мамыр айының басында басталады  Күніне 15 шақырымнан жүріп жайлауға айдан астам уақыт жүріп жетеді. Малшылардың басты міндеті – малды семірту. Себебі малдың қыстан аман шығуы жайлаудағы қолдануына байланысты.

Күзеу- күзгі қош, суық басталысымен көшеді. Күзгі қош күніне 25-30шақырым жол жүрген.  Күздік қош жүгін қысқа дайындаған азық-түліктері, киіз-төсеніштері киімдері ауырлатқан. Күзеуде халық жиналыстары өткізілген.

Қыстау- қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді. Қыста көшудің негізгі бағыттары- Қуаңдария, Іңкәрдария, Жаңадария.  Түйе мен қой ешкілер жайылымы үшін Қызылқұм таңдалған. Құм жоталарының арасында қатты желден қорғайтын ықтасын болған. Қызылқұмда малды терең қазылған құдықтың жылы суымен суғарған. Қыста ауылдың саны мал басының мөлшеріне байланысты болды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий